Түркістан облысының полицейлері жүргізушіден 20 келіден астам марихуана тәркіледі

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, Түлкібас АПБ және патрульдік полиция батальонының полицейлерімен бірлесіп, есірткі құралдарын заңсыз тасымалдаған күдіктіні анықтады.

Нақтырақ айтсақ полиция қызметкерлері, Түлкібас ауданы арқылы өтетін «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» автожолында «Субару» маркалы автокөлікті тоқтатты. Жедел уәкілдер тінту жүргізу кезінде көліктің жүксалғышынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар 4 қап пен өсімдік тектес темекі қорабын тапты. Анықталғандай, күдікті жүргізуші бұрын сотталған Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты. Күдіктіден алынған дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Зерттеу қорытындысына сәйкес алынған айғақты заттар жалпы салмағы 20 келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткісі екені расталды.
Аталған жайт ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Бүгінде оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау мен сақтауға қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...