12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысында 35 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды

Бүгін Қонаев қалалық ауруханасының аумағында медицина қызметкерлеріне 35 жаңа автокөліктің кілтін тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Құттықтау сөзінде ол өңірде медицина саласына көп көңіл бөлінетінін атап өтті.

  • Уақтылы шұғыл көмек көрсету үшін біз бригадаларды көбейтіп, санитарлық көлікті жаңартып жатырмыз. Облыс үшін лизинг бойынша 35 машина бөлінді, оның 7-еуі Қонаев қаласына тиесілі. Менің ойымша, ендігіде жұмыс істеу жағдайы біршама жеңілдейді, өйткені жаңа «жедел жәрдем» көлігі заманауи техникамен жабдықталған. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз, — деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, жергілікті бюджет есебінен Hyundai H-350 және JAC Sunray маркалы санитарлық көліктің 35 бірлігі сатып алынды.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековтің айтуынша, барлық автокөліктер қажетті жабдықтармен жабдықталған, бұл сапалы және шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

  • Жедел және шұғыл медициналық көмекті 142 бригада көрсетеді. Санитарлық автокөлік паркін толықтыру есебінен жедел және шұғыл медициналық көмек бригадаларының санын 8-ге ұлғайту және ауылдық елді мекендердің медициналық ұйымдарының алыстығын ескере отырып, олардың санын 150-ге дейін жеткізу жоспарлануда, бұл автопаркті жаңартуға және толықтыруға мүмкіндік береді. Мұның бәрі облыс халқы үшін жедел және шұғыл медициналық көмекті 100% уақытылы көрсетуге мүмкіндік береді, -деді Өмірзақ Ниязбеков.

Естеріңізге сала кетейік, «жедел жәрдемнің» барлық 35 көлігі Жамбыл, Балқаш, Кеген, Райымбек, Ұйғыр, Талғар, Қарасай аудандарының, сондай-ақ Боралдай мен Қонаев қалаларының шақыруларына қызмет көрсету үшін дислокациялар бойынша бөлінеді.

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

Ата Заң – тұрақтылық тірегі

Биыл Республикамыздың Негізгі Заңы – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толды. Ел Конституциясымен бекітілген әрбір норма...

«Ой шебері»: Жамбыл жастарының білімге құштарлығын арттырған зияткерлік дода

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін...

Деректерді қорғау заман талабы

2025 жылғы 26 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Жер дауларының өзекті мәселелері

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2025 жылдың басынан...