Рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйек айындағы жолдауында қаңтар оқиғасына қатысқан бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтарға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдаған болатың. «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңы 2022 жылғы 2 қарашада күшіне енді.

Аталған Заң күшіне енген күннен бастап, Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №3 мекемесінде жазасын өтеп жүрген қаңтар оқиғасына байланысты сотталған азаматтардың «Рақымшылық жасау туралы»  өтініш хаттары мекеме әкімшілігіне түсіп аталған өтініштер тез арада сотқа жолданған болатын.

08.11.2022 жылы Астана қаласы Байқоныр ауданының №2 сот отырысында аталған азаматтардың өтініштері қанағаттандырылып, Қазақстан Республикасының  Заңының 3-бабының 3-тармағының негізінде, сотталғандарға тағайындалған бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының бүкіл өтелмеген мерзімі қысқартылып, жаза өтеу орынан дереу бостылуын қаулы етті.

Еске сала кетсек 2022 жылдың қаңтар айының 4-7 аралығында Еліміздің әр аймақтарында жаппай тәртіпсіздікке жол беруіне байланысты түрлі қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, Қылмыстық тepic қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған үшін біраз азаматтар жазаға тартылған болатын.

Суицидальное поведение среди детей и подростков

САМОУБИЙСТВО ДЕТЕЙ И ПОДРОСТКОВ ЯВЛЯЕТСЯ ОДНОЙ ИЗ НАИБОЛЕЕ ОСТРЫХ...

Обязанность каждого гражданина

Как известно, инициатива Главы государства Касым-Жомарта Токаева «Таза Қазақстан»...

«Умный жетон» – медикам 

В Шымкенте сделан важный шаг к созданию безопасной среды...

Комплексная работа

Вопросы развития туристической отрасли и архитектурностроительного контроля стали основными...

Антитеррористический щит

Вопросы антитеррористической безопасности и противостояния современным вызовам и угрозам...