«Төтенше жағдай кезінде қызметкерлерді психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында ҚАЖ қызметкерлері кездесу өткізді

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №57 мекемесінің мәжіліс залында, №12,49,57 мекеме кадр саясаты бөлімшесінің инспектор психологтарының ұйымдастыруымен «Төтенше жағдай кезінде қызметкерлерді психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында ауқымды кездесу іс-шарасы өтті.

Аталған кездесуге Талдықорған қаласындағы №71 мекемесінің қызметкерлері Маулен Мырзабеков және Дидар Байбосынов, Алматы қаласындағы ҚР орталық музей директорының орынбасары Бибігүл Дәндіғараева және әлеуметтік желісі арқылы тараған қаңтар оқиғасында «Бұйрық бұл бұйрық»-деп өз сөзінен қайтпаған әскери қызметкер Ұлан Мырзабайдың әжесі Бестаева Шынар қатысып, өздерінің ойларымен бөлісіп, Заречный кентіндегі ҚАЖ қызметкерлерімен пікір алмасты.

Кездесудің басты мақсаты қызметкерлер арасында арнайы ұлттық тәрбиені насихаттау және патриоттық сезімдерін ояту арқылы тәрбиелік мәнін ашу және төтенше жағдай кезінде қызметкерлердің психологиялық ерік-жігерін шыңдау. 

Кездесу барысында  қонақтар төтенше жағдай орын алған сәтте ұжым арасындағы ұйымшылдықтың маңызы,  патриоттық рухтың алатын орны туралы сезімдерін жеткізді.

Қелген қонақтарға №57 мекеме басшылығы мен ҚАЖ ардагері Дутбаев Қанат алғыстарын білдірді.

Ұйымдастырылған іс-шара, №12 мекеме аумағында орналасқан Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған Ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқарудың барлық...

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік...

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі,...