Сайлау-2022: президенттікке үміткерлер дебаты қашан өтеді?

Қазақстан президенттігіне үміткерлер дебаты 11 қарашада өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта «Хабар» телеарнасы 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленген ҚР президенті сайлауында сайлауалды теледебаттар мен пікірталастарды өткізу регламентін әзірледі. Регламент жобасы Орталық сайлау комиссиясына келісу үшін ұсынылды.

Жобада сайлау алдындағы жарыссөздер мен талқылауларды өткізу тәртібі қарастырылған: қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар, қатысушылардың сөйлеу тәртібі, іс-шара қай тілде өтетіні, эфир уақытының ұзақтығы», — деді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.

«Пікірсайысқа Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Ерлан Қошанов (Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілі болады), Салтанат Тұрсынбекова қатысады. Дебат 11 қарашада сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде өтеді.

Дауыс беру нәтижесінде 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауда сайлауалды теледебаттар мен пікірталастарды ұйымдастыру және өткізу туралы қаулы қабылданды», — деді Щегорцова.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...