Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысын дамытудың жеті негізгі басымдығын атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылықпен кездесуінде Маңғыстау облысын дамытудың басым бағыттарын атап өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бірінші. Маңғыстаудың өңдеу өнеркәсібін және бизнес саласын дамыту қажет.

Екінші. Облыстың көлік-логистикалық және инвестициялық әлеуетін арттыру керек.

Үшінші. Маңғыстаудың сумен қамтамасыз ету жүйесін және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртып, Ақтау және Жаңаөзен қалаларын дамыту керек.

Төртінші. Облыстық білім беру, денсаулық сақтау саласын дамытып, жастарға қолдау көрсету керек.

Бесінші Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін арттырып, азық-түлік нарығын дамыту аса маңызды.

Алтыншы. Аймақтағы туризмді дамыту қажет.

Жетінші. Экология мәселелерін шешу қажет», — делінген хабарламада.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...