Елімізден 54 миллион теңгенің бензині заңсыз шығарылған

«Жанармай қоспасы» деген желеумен құны 54 миллион теңге болатын бензинді Қазақстаннан алып шықпақ болғандар анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«ҚМА Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері жалпы құны 54 миллион теңге болатын 165 тонна көлеміндегі АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны «жанармай қоспасы» деген желеумен елден заңсыз әкету дерегін анықтады. Сондай-ақ, сол компания 89 миллион теңге тұратын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистернаны Өзбекстанға экспорттамақ болған кезде ұсталды», — делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, осы компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 миллион АҚШ доллары көлемінде 100 мың тоннадан аса жанар-жағармай экспорттауды көздеген. Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекет кірісіне айналдырылды, 54 миллион теңге мемлекет кірісіне өндірілді. Сот үкімі бойынша ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...