Шахтадағы апат: қаза тапқандар тізімі жарияланды

«АрселорМиттал Теміртау» кенішіндегі апат кезінде қаза тапқан жұмысшылар тізімі жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеніштегі апат кезінде қаза тапқандар тізімі:

1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі — 8 жыл. Артында анасы қалды.

2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі — 21 жыл. Ата-анасы мен екі баласы қалды.

3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі — 13 жыл. Марқұмның соңында әкесі, жұбайы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.

4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі — 8 жыл. Артында ата-анасы қалды.

5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Жұмыс өтілі — екі ай. Марқұмның артында әкесі қалды.

Еске салайық, бүгін «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде апат болып, 5 адам қаза тапқан еді.

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын,...

Казахстан нарастил производство и экспорт мороженого

35,1 тыс. тонн мороженого произведено в Казахстане  По итогам января–мая...