Елімізде мектеп формасына қатысты бұйрыққа өзгерту енгізу жоспарланып отыр

Қазақстанда мектеп формасына қатысты бұйрыққа өзгертулер енгізу жоспарланып отыр. Жаңа ережелер мектеп оқушыларының мүмкіндіктерін кеңейтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Пиджак, жилет, шалбар, юбка және жейдеден тұратын қазіргі мектеп формасымен қатар оқушыларға пиджак пен жакетті түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардигандарға ауыстыруға, сондай-ақ күнделікті киіп жүрген жейделерін поло жейделерге ауыстыруға мүмкіндік беріледі. Алайда киімнің түсі, стилі және басқа да тұстары мектеп әкімшілігімен келісілуі керек», — делінген хабарламада.

Бұл Оқу-ағарту министрлігі қолданыстағы бұйрыққа енгізуді ұсынып отырған толықтырулардан кейін мүмкін болады.

«Жалпы мектеп формасына қойылатын талаптар өзгермейді. Бұл жерде әңгіме тізімді толықтыру және таңдау мүмкіндігін беру жайында болып отыр. Бұған дейін ата-аналар бұл мүмкіндіктің балалар үшін ыңғайлы екенін айтып, қарастыруды сұраған болатын. Өйткені сабақ кезінде ресми костюм кию балалардың барлығына бірдей қолайлы емес. Сол себепті балама ретінде ыңғайлырақ киіммен келуге рұқсат беру ұсынылып отыр. Мысалы, ресми пиджак немесе жакет орнына тоқылған күрте/кардиган және күнделікті жейде орнына поло жейде. Шешімді мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесі және мектептің өзін-өзі басқару кеңесі қабылдайды. Бұл толықтырулар келесі жылы мектептерде шешім қабылдауға жеткілікті уақыт болуы үшін алдын ала басталып отыр. Бірақ бұл мектептер бекітілген талаптарды міндетті түрде қайта қарауы керек дегенді білдірмейді. Бұл қажет болған жағдайда пайдалануға болатын қосымша мүмкіндік пен нұсқа ғана», — деп түсіндірді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Райынбекқызы.

Ата-аналар өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда тәуелсіз екенін еске сала кетейік.

ҚазБСҚА аумағында орналасқан сайлау учаскелерінде халықтың белсенділігі жоғары

ҚазБСҚА (Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы) аумағында орналасқан сайлау...

Ғасыр жасаған әже референдумда өз таңдауын жасады

Бүгінгі референдумда Ұзынбұлақтық 104 жастағы Күлпара Шортанова өз таңдауын...

Робот Темирбек и барс Адилет привлекли внимание столичных жителей

Сегодня жители столицы стали свидетелями необычного перформанса: прямо в...

Елорда тұрғындары ерекше перформанстың куәсі болды

Бүгін елорда тұрғындары ерекше перформанстың куәсі болды: республикалық референдум...

Белгілі блогер таңнан бері сайлау учаскелерінде жоғары белсенділік байқалатынын айтты

«Ел Дауысы» қоғамдық қорының жетекшісі, белгілі блогер Аида Жексенова...