12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Есірткісіз ғажайып өмір

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

Бала күнімізден санамызға терең сіңірілген тәлімнің бірі – жат қылықтар мен темекі, есірткі секілді зиянды заттардан бойымызды аулақ ұстау. Тазалық пен салауатты өмір салтына бейім болу һәм мәдениет пен рухани құндылыққа бет бұру болып табылады. Тал бесіктен ата-анамыздың қанатының астында қоғамдағы түрлі өзгерістер мен қиындықтан қорғанып өсудеміз. Кейінгі тағдырымыз, алған біліміміз бен тәрбиеміз – болашағымыздың кепілі боларын білеміз. Сонымен қатар, алтын ұя мектеп, ұстаз, сынып жетекшіміз де біздің түзу жолымызға бағыт ұсынып, жан-жақты, дүниетаным шеңбері дербес дамыған тұлға болуға жағдай жасайды.

Олай болса, саналы азамат ретінде біздер не үшін қоғамда кең талқыланып, дабыл қағып жатқан синтетикалық заттарға әуестенуіміз керек? Бізге олардың адам денсаулығына кереғар тұстарын, түк пайдасы жоқ дүниелер екенін сан рет ескертіп жатыр емес пе? Апталықтар, онкүндіктер, денсаулықты жастайынан күту жөніндегі түрлі кеңестер, мектеп аяжанының дәрістері, апта сайынғы сынып сағаттар балаларға қоғам детінен алшақ болуға үндейді емес пе? Кеше ғана сынып жетекшіміз «Есірткі – қоғам дерті» тақырыбында өткен тәрбие сағатынан қалайша тағылым ала алмадық? Қалайша, бірнеше қайталап айтылған халық даналығын көкейге түймедік? «Есірткі – шөл, өткелсіз ор», «Шылымды бір күн тартқаның – табытыңа темір шеге қаққаның» делінбеді ме? Ойы түзу адамға осынша кеңес айтылған тұста, не себепті біздер есірткінің уына елітуіміз керек?

Жоқ! Біз – есірткі дейтін есер зат еріксіз елітіп, соңына ертіп әкететін ақылсыз емеспіз! Біздер — болашақтың бағдарын қолымызға ұстар ел ертеңіміз! Біздің таңдауымыз – спорт сүйген өмір! Қазақ тамырына жармасқан індет секілді аталмыш қоғамның қасіретімен Сіз бен Біз бірлесіп күрескенде ғана еңсере аламыз! Жас та болсам, өзімнің замандастарымды қоғам боп күресуге шақырамын! Есірткі дейтін ұлттың түбіне жететін кесел, ендеше — ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік, достар!

Дельназ Талғатқызы
№40А.Қыраубаева атындағы
орта мектептің оқушысы
1 Мамыр ауылы,
Шиелі ауданы, Қызылорда облысы

Оқу-ағарту министрлігінің жұмыс тобы Жамбыл облысының мектептеріне әдістемелік көмек көрсетуде

ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасына сәйкес 22–26 қыркүйек аралығында Жамбыл...

Бейнеконференц байланыс арқылы өткізілетін сот отырысының ерекшеліктері

Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану...

Халықаралық құқықтық көмек – азаматтардың құқығының кепілі

Қазіргі таңда мемлекеттер тек саясат пен экономикада ғана емес,...