Ақтөбеде тергеу изоляторындағы жазасын өтеушілер жылжымалы кітап көрмесін тамашалады

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған «Көк байрақты құт мекенім!» жылжымалы кітап көрмесін тамашалады.

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдан бастап бүгінге дейін жүріп өткен жолдары, осы жолда атқарылған қажырлы еңбектер және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындылары қамтылған кең көлемді жылжымалы кітап көрмесі Республика күніне арналды.

Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылда қол жеткізген әлеуметтік- экономикалық, мәдени дамуы және халықаралық қатынастардың дамуына шолу жасаған кітапхана маманы Г.Б.Бейсова, еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне тоқталып, қазақ тіліндегі әдебиеттермен таныстырса, аталмыш бөлімнің кітапханашысы Р.К.Суюнова орыс тіліндегі әдиебеттерге библиографиялық шолу жасады.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...