12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот жүйесіндегі электронды сервистер сала жұмысын жеңілдетті

Елімізде сандық технология мен заманауи электрондық ақпарат алмасу қызметіне ең алдымен көшкен саланың бірі сот жүйесі болды. Таратып айтар болсақ осыдан он жыл бұрын 2012 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.kz ресми сайтында «Сот кабинеті» сервисі іске қосылған болатын. Сол уақыттан бері электрондық цифрлық қолтаңбасы бар еліміздің кез келген азаматы «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисін қолданып, сотқа талап арыз, өтініш беру мүмкіндігіне ие.

Және электрондық сервис мұнымен тоқтап қалмай, уақыт сұранысына сай жыл сайын жетілдіріле түсті. Мәселен «Сот кабинеті» 2016 жылдан бері пайдаланушыларға жетілдірілген түрде қызмет көрсете бастады. Сайттың құрылымы да өзгерді. Бүгінгі таңда сайт қызметін қолданушылар саны жыл өткен сайын өсе түсуде. Себебі аталмыш сервис тұрғындар үшін өте ыңғайлы етіп жасалған, еліміздің кез келген азаматы үйлерінен шықпай-ақ ғаламтор арқылы сот құжаттарымен таныса алады. Нәтижесінде еліміздің барлық соттарында арызды беру және тіркеу сатысынан бастап, заңды күшіне енген сот актісін орындауға жібергенге дейін сот ісін жүргізу процесі түгелдей электронды форматқа көшірілген.

Атап өтер жайт салаға электронды сервис жүйесі іске қосылғалы бері, түрлі сервис түрлері пайда болғалы бері салада ашықтық пен жариялылық та күшейе түсті. Бұл сала жұмысының халыққа ыңғайлы болып қана қоймай халық сеніміне лайық бола бастағанын да аңғартады. Сондай-ақ салаға заманауи технологияларды ендіру мен пайдалану сот жүйесінде сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге де ықпал ете бастады. Тіпті азамататрдың уақытын үнемдеп сот отырыстары «WhatsApp», «TrueConf»  және «Zoom» мобильді қосымшаларының көмегімен өткізілуде.

Қорыта айтқанда, уақыттың талабы сот жүйесін электронды түрде жұмыс жасауға алып келді. Ал электронды сот сервистері саланың дамуын жаңа деңгейге көтерді.

Есенов Абылай Сарсенович, Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...