Монополиялық табыс 4,3 миллиард теңге: тергеу барысы туралы айтылды

Үкімет басшысының баспасөз қызметі Алматы облысындағы компаниялардың біріне қатысты тергеу жұмыстары туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру және мұнай-газ саласындағы шараларды іске асыру мәселелері қаралған.

«Атап айтқанда, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша, Алматы облысындағы коммерциялық көлік-логистикалық компаниялардың бірі айрықша жағдайын пайдаланып, 2021 жылғы сәуір мен желтоқсан аралығында шамамен 4,3 миллиард теңгеге монополиялық табыс тапқан», — деді премьер-министрдің баспасөз қызметі өкілдері.

Компанияға қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Биыл қазанда жеке меншік ұйым басшылығы еншілес ЖШС-дегі қатысу үлесінің 100 пайызын мемлекетке сыйға беру туралы өтініш түсірген.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...