12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тілге құрмет – елге құрмет

Әрбір халықтың өз ана тілі бар. Ол — жеке адамның ойлап тапқан туындысы емес, барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Мен өз ана тілімді мақтан тұтамын, сонымен қатар мемлекеттік тілді өз деңгейінде меңгеруді мақсат етемін.

Тілді меңгеруге мемлекетімізде барынша жағдай жасалып жатыр. Мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Тіл-қоғамның жемісі. Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл байлығы- әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра.

 Бүгінде әр ата-ана, әр халық өзінің ұрпағының білімді, мәдениетті, елінің қамын ойлайтын, өмірге икемді, іскер азамат болғанын қалайды. Бұл қасиеттердің барлығы бала өмірге шырылдап келген күннен бастап тіл арқылы бойына дарытыла бастайды. Тіл елдің тірегі, халықтың соққан жүрегі. Атақты ақын Расул Гамзатов: «Мен үшін әр халықтың тілі аспандағы жұлдызы іспеттес. Аспандағы барлық жұлдыздардың бір үлкен жұлдызға бірігіп, аспанның тең жартысын жауып тұрғанын қаламас едім. Өйткені аспанда сәулесін шашқан күн көзі бар. Әр жұлдыз жеке жарқырай түссін. Мен кез келген халықтың өз жұлдызының болғанын қалаймын» деген болатын. Шынында да халқымыздың асыл қазынасы мемлекеттік тілі, «кішігірім таудан» болашақта мұнар басына көз жетпейтін «биік тауға» айналатынынына сеніміміз мол. Мемлекеттік тілді дамыту үшін ең бірінші оған деген қажеттілік тұғызу қажет. Өйткені мемлекетіміздің ұстанған саясаты-елімізде мекендейтін барлық халықтардың қазақ тілін үйренуіне жағдай жасау болып табылады.

Ал еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпақтың өз намысын оятып, сана сезімін өзгертуі қажет. Әрбір ата-ана өз баласының ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, рухани дүниесі бай, елжанды азамат болуын қаласа келешек жас ұрпақты өз ана тілінде білім алуға жетілдіруі тиіс. Ана тілінде білім алған бала нағыз ұлтжанды, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігі мол азамат болатыны белгілі.

Д.Р.Рахматулла, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік  сотының бас маманы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...