Алматы академиясының ғалымдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновпен кездесті

Мұрат Жұрынов ІІМ Алматы академиясының ғалымдарымен кездесу барысында ғылымның жаңа да әділетті Қазақстан құрудағы ролі мен маңызына тоқталды.
Кездесудің мақсаты —практикалық қызметті жақсартуға ықпал ететін ғылыми әлеуетті дамытудың заманауи тәсілдерін талқылау болды.

Сондай -ақ сөз сөйлеген Алматы академиясының бастығы А.Сайтбеков ғалым М.Жұрыновты Алматы академиясына енгізіліп жатқан жобалармен және ғылыми зерттеулермен таныстырып, Академияда ішкі істер министрлігінің дағдарыс жағдайлары кезінде шешу жолдарын табуға, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіруге көмектесетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлетінін атап өтті.

Мұрат Жұрынұлы гранттық қаржыландыру шеңберінде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуде ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.

Аталған кездесу Академия ғалымдары үшін маңызы зор кездесу болды.

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...

Участие органов опеки и попечительства в защите прав несовершеннолетних

Защита прав и законных интересов детей является одной из...