12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан Грузиядан көлік сатып алған елдер қатарында бірінші орында

Грузиядан Орталық Азия елдеріне автокөліктердің реэкспорты 215 пайызға өсті. Бұл тізімде Қазақстан көш бастап тұр. Былтырмен салыстырғанда биыл қазақстандық сатып алушылар көлікті үш есе көп сатып алған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Кавказдағы ең үлкен кешен — Рустави автобазарына АҚШ, Еуропа және Жапонияның көліктері келіп жатыр. Осы жердегі көліктер басқа елдерге жеткізіледі.

Жұма, сенбі, жексенбі күндері мұнда ондаған мың сатып алушылар келеді. Биыл автокөліктердің реэкспорты бойынша Қазақстан бірінші орында. Одан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан.

«Бізде Орталық Азия елдеріне реэкспорт бойынша өте жақсы көрсеткіш бар. Оның ішінде Қазақстан бірінші орында. Өткен жылмен салыстырғанда реэкспорт көрсеткіші бес есе өсті. Егер бұрын жалпы алғанда, бізден Орталық Азияға 200-ден аса көлік жеткізілсе, қазір бұл көрсеткіш айына шамамен, 1500 көлікті құрайды», — деді автобазардың маркетинг және жарнама жөніндегі директоры Стелла Камандарова.

Биыл Руставидегі көлік нарығына шыққан көліктер саны сұраныстың артуына байланысты 33 пайызға өсті. Соның ішінде бұл сұраныс қазақстандықтар тарапынан бар.

«Мұнда көлік түрі көп. Төрт мыңнан алты мыңға дейін көлік бар. Басқа елге қарағанда осы жерден көлік сатып алып, оны Қазақстанға тез жеткізуге болады», — деді қазақстандық Қуаныш Қаликов.

Жыл басынан бері қазақстандықтар Грузияда 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 270 пайызға көп көлік сатып алған. Бұл соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіш.

Грузияның автокөліктердің реэкспортынан түскен қаржы биыл 590 миллион доллар. Грузия Орталық Азия елдерімен сауда қатынастарын одан әрі жақсартып, логистика саласын дамытуға ниетті.

№75 мекемесінің жеке құрамы Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов туралы фильмді тамашалады

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №75 мекемесінің жеке...

На принципах равенства

СЕМЕЙНЫЕ КОНФЛИКТЫ ПРОИСХОДЯТ МЕЖДУ ЧЛЕНАМИ СЕМЬИ. ОНИ ВОЗНИКАЮТ, КОГДА...

Пранк – это не шутка! 

Депутат Мажилиса Нартай Сарсенгалиев, обращаясь с запросом к министру...

Донести важные истины

В г. Шымкенте активизировалось межведомственное сотрудничество по работе, направленной...

Удобный цифровой сервис

Внедрение системы E-апостиль в Казахстане стало новым и важным...