12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

САЙЛАУ — БӘСЕКЕГЕ САЙ, ЕРІКТІ БОЛҒАНДА ҒАНА БАҒАЛЫ

Сайлау – зайырлы, құқықтық мемлекеттегі әділ таңдау жасаудың кепілі. Сайлау арқылы республика азаматтары өзінің пікірін, қолдауын білдіреді. Еліміздің бас құжаты Конституцияда мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты ретінде ерікті сайлау бекітіліп, сол мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі – халық екені көрсетілген.

Сайлау – бәсекеге сай, ерікті болғанда ғана бағалы. Сайлауға түскендердің барлығының сөз, жиналыс, қозғалыс бостандығына, олардың саяси көзқарастарының естілуі үшін және олар сайлаушыларға балама кандидаттарды ұсына алуы үшін қажеттінің барлығын пайдалануына кепілдік берілуі тиіс. Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі болғандықтан, өзі қабылдаған ерікті және бәсекелі сайлау өткізу жөніндегі барлық міндеттемелерді ұстануға, заңдылықты бұзбауға тиіс. Талаптардың бұзылмауын, заңдылықтың сақталуын еліміздегі ерікті бақылаушылардан бөлек, халықаралық бақылаушылардың да қадағалап отыратынын естен шығармауымыз керек.

Мемлекет басшысын сайлау және ҚР Парламентін, сондай-ақ, жергілікті өкілді органдарды құру біздің елімізде ұлттық заңнамаларды басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Сайлау 1948 жылы қабылданған Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясына, 1966 жылы қабылданған Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге, Еуропалық адам құқығы мен негізгі бостандықты қорғау туралы конвенциясына 1952 жылғы №1 Хаттамасына, 1990 жылғы ЕҚЫҰның Копенгаген кеңесінің құжатына енгізілген демократиялық сайлаудың жалпыға танымал принциптеріне сәйкес ашықтық және жариялылық жағдайларында өтеді. Бұдан бөлек маңызды шараны өткізу тәртібі 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес реттелген. Бұл құжаттардың негізгі қағидасына сай республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ, оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ. Міне, Қазақстан халқы тағы да ерекше таңдау жасау алдында тұр. Бұл жолы ел тұрғындары сайлау арқылы Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлер арасынан лайықтысын іріктеу құзырына ие. Ел үшін маңызды шара талапқа сай өту үшін қажетті шарттардың бәрі жасалады. Ал сайлаудың әділ өтуіне, өз деңгейінде жүргізілуіне кедергі келтіргендер Қылмыстық кодекске сәйкес жауаптылыққа тартылады. Қылмыстық кодекстің 150-бабында сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасағандарға жаза белгіленген. Осы баптың 1-бөлімінде дәйектелгендей, азаматтың өзінің сайлау құқықтарын немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедергі жасағандарға жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылып, не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстар белгіленеді. Яғни, біздің елімізде еркін сайлау әрекетіне тосқауыл жасағандарға берілетін жаза қатаң. Сондай-ақ, сайлау жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы, дауыстарды санауға қатысты сұрақтар да қоғамда жиі туындайды. Мұндай құқықбұзушылықтың орын алуы жалпы сайлаудың таза өткеніне қатысты күмәнді көбейтеді. Сондықтан, сайлау комиссияларының немесе референдум комиссияларының жұмысына заңсыз араласқандарға, дауыс беруге, кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге кедергі келтіргендерге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерін айқындауға байланысты міндеттердің өз мәнінде жүргізілуіне кедергі келтіргендер жазасыз қалмайды. Қылмыстық кодекстің 150-бабы, 1-1-бөлігіне сәйкес мұндай құқықбұзушылыққа жол бергендерге 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылады. Заңнамадағы жазаның жоғарылығы – елде әділ сайлау өткізуге деген мақсатты принциптен туындағаны анық. Ал әділдік басты орында тұрғандықтан сайлауды параға сатып алумен, алдаумен, күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен жүргізу, сайлау кезінде өзiнiң лауазымдық жағдайын немесе қызмет бабын пайдалану, электрондық сайлау жүйесi жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртiбiн бұзу жолымен жасалған іс-әрекеттер үшін де жауаптылық белгіленіп отыр. Қылмыстық кодекстің 150-бабына сай мұндай қылмыстық әрекеттер үшін 4 мың АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салынып, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемегендерге қатысты жауаптылық Қылмыстық кодекстің 151-бабында көрсетілген. Сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньдерге немесе қол қойылған парақтарға жалған жазбалар енгiзу, дауыстарды көрнеу дұрыс есептемеу не сайлаудың нәтижелерiн немесе референдум қорытындыларын көрнеу дұрыс айқындамау әрекетін ҚР Президентiне кандидаттың сенім білдірілген адамы, сол сияқты сайлау комиссиясының мүшесi жасайтын болса, мұндай тұлғаны белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 4 мың АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Міне, осыдан көріп тұрғанымыздай біздің елімізде сайлау тәртібін бұзғандарға белгіленетін жаза айтарлықтай қатаң. Дегенмен, азаматтық қоғам белсенді болып, тұрғындар сайлауда кемшіліктің, заңбұзушылықтың орын алмауына мүдделілік танытса Президент сайлауы да өз деңгейінде өтеріне сенім мол.

С.БАЙБОЛОВ,

Жетісу аудандық №2 сотының төрағасы АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...