12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сайлауға қатысу – әрбір қазақстандықтың ел алдындағы азаматтық парызы

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді. Қазіргі таңда кандидаттар еліміздің барлық өңірлерін аралап, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда. Шын мәнінде бұл шараның маңызы зор! Өйткені еліміздің болашағын айқындар, ел тұтқасын ұстап, мемлекетімізді одан әрі дамытатын тұлғаны тұтас қоғам бірге анықтаса, еліміздің әрбір азаматының белсенділігі көрінсе ғана еліміз алға дамиды.

Бұл тек Президентті ғана таңдау емес, ел болашағы үшін жасалатын маңызды қадам. Сол себепті сайлауға қатысып, жауапкершілік таныту – әр азаматтың құқығы мен парызы. Сайлауда әрбір азамат өз шешімінің, өз дауысының маңыздылығын түсінсе бұл науқанның да маңызы арта түспек. Сайлау – өзгерістер мен реформалардың бастауы болмақ.

Осы орайда атап өтер жайт, демократиялық мемлекеттің белгісі мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға еркін дауыс беру арқылы қатысу мүмкіндігі азаматтардың құқығы ретінде анықталады, бірақ міндетті емес. Сайлауға қатысу арқылы президентті ғана таңдап қоймаймыз, бұл біздің келісті келешегімізге жасаған нақты қадамымыз болып есептеледі. Сондықтан саяси маңызы зор шараға қатысып, лайықты таңдау жасау әрбір азаматымыздың құқығы әрі парызы.
Қазіргі қоғам белсенді. Халық елде болып жатқан процестерге қызығушылық танытады. Сондықтан алдағы шарада да ел бірлігі көрінсе басты мақсаттың орындалғаны болмақ! Біздің елімізде сайлауға қатысу еркін болса, әлемдік сайлау жүйесінде азаматтық борыш ұстанымына сәйкес міндетті дауыс беру тұжырымдамасы бар, яғни кейбір елдердің Конституциясы мен сайлау заңдарында сайлауда дауыс беру  міндетті болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде еліміздегі дауыс беру кезіндегі еркіндікті азаматтарымыз дұрыс түсінсе дейсің. 

Айта кетері, Конституцияға енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес, Қазақстан президенті жеті жылға және бір мерзімге сайланады. Яғни еліміздегі сайлау өткізу әдісі қоғам сұранысына сай бейімделіп келеді. Енді тек халқымыздың белсенділігі артса құба құп!

Рабиға Абдолданова, Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...