Ford пен Mercedes-Benz ресейлік компаниялардағы үлесін сатты

Америкалық автокөлік өндіруші Ford пен немістің Mercedes-Benz концерні ресейлік компаниялардағы үлесін сатқанын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ford Motor Company Ресейдегі бұрын тоқтатылған қызметін аяқтады, ол Sollers Ford бірлескен кәсіпорнындағы 49 пайыз үлесін сатты. Ford акциялары бірлескен кәсіпорынға номинал бағамен беріледі. Егер жаһандық жағдай өзгерсе, Ford өзіне 5 жыл ішінде акцияларды кері сатып алу құқығын қалдырды», — деді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.

Акцияларды сату биыл наурызда Ресейдегі барлық операция, соның ішінде өндіру, қосалқы бөлшектерді жеткізу, IT және инженерлік қолдау толығымен тоқтатылғаннан кейін жасалғаны атап өтілді.

Mercedes-Benz де Ресейден кетіп, ресейлік еншілес компаниялардағы акцияларын Avtodom дилерлік холдингіне сатады, деп хабарлайды iXBT.com.

Mercedes-Benz баспасөз қызметі компанияның Ресей нарығынан шығатынын растады. «Мерседес-Бенц Рус» компаниясының бас директоры Наталья Королеваның айтуынша, мәміле шарттарын келісудегі негізгі басымдықтар: ресейлік клиенттер алдындағы міндеттемелерді сатудан кейінгі қызмет көрсету және қаржылық қызмет көрсету саласында барынша қамтамасыз ету, сондай-ақ компанияның ресейлік бөлімшелері қызметкерлерінің жұмыс орындарын сақтау.

«Автоdom» компаниясы Есипово индустриал паркіндегі зауыт базасында бірлескен өндірісті ұйымдастыру үшін өндірістік серіктестер ретінде басқа компанияларды тарта алады. Технологиялық серіктесті таңдаумен Ресейдің Индустрия және сауда министрлігі көмектесуге уәде берген.

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...