Сотталған азаматтарға ақшалай көмек

Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталған азаматтармен жұмыс істейтін пробация қызметі оларға жан жақты көмек көрсетуге тырысады.  

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Астана қаласы мәслихатының «Астана қаласының әлеуметтік көмек көрсету , оның мөлшерлері белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №221/25-VI шешіміне біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Оның бірі 50-2 тармақ бойынша 15 АЕК мөлшеріндегі біржолғы төлем ретінде босатылғаны туралы анықтама ұсына отырып бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға, арыздары бойынша босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей жүгінген жағдайда, әлеуметтік көмек көрсетілетіні және қайта ұсынылмайтындығы көрсетілген.

Осы бағытта Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Байкоңыр аудандық пробация қызметі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 72 және 73 баптары негізінде жаза өтеу мекемелерінен босап шыққан сотталғандардың ақшалай көмек алуы үшін Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесе жұмыс істеуде.

Алғашқы уақытта қоғамға тезірек бейімделіп, қайталама қылмыс жасамай, әлеуметтік- тұрмыстық мәселелерін шешуге зор мүмкіндік беретін бұл игі бастаманың сотталған азаматтарға көмегі үлкен.

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...