Ержан Мырзабаев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды

Ержан Мырзабаев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев 1969 жылы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Армия генералы А. В. Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын бітірген. Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдарында бастаған.

1995-1996 жылдары Қорғаныс министрлігінің Бюджеттік-қаржы басқармасы Қаржы инспекциясының инспектор-ревизоры болып жұмыс істеген.

1999-2000 жылдары ҚР Қорғаныс Министрлігі Экономика және қаржы департаменті Ревизионды-бақылау басқарма басшысының орынбасары-қаржы бөлімінің бастығы, Ревизионды-бақылау басқармасының басшысы болды.

2000-2002 жылдары — ҚР Қорғаныс министрлігі Бас қаржы инспекциясының бастығы.

2002-2006 жылдары — ҚР Республикалық Ұланның ревизиондық-бақылау қызметінің бастығы, әскери-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету департаменті бастығының орынбасары — Қаржы-экономикалық басқармасының бастығы.

2007-2009 жылдары — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Активтерді басқару және  бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры-басқарушы директоры. 

2009-2010 жылдары — «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің директоры.

Әр жылдары Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...