Сотталғандар» Сыр дидары» газетінің бас редакторымен кездесті

18.10.2022 жылы «Сыр дидары»газетінің бас редакторы, салт -дәстүр танушы Сәкен Мінуарұлы ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті. Кездесудің мақсаты-жазасын өтеушілерге ұлттық салт-дәстүрімізді,әдет-ғұрпымызды насихаттау, олардың санасына сіңіру болып табылады.

Сондай -ақ кездесуге Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бас мамандары Сұлтан Сүлейменов, Әлихан Әбіласанов және «Жігер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Джумадиллаев қатысты. Кездесуде Сәкен Мінуарұлы қазақ халқының салт-дәстүріне, әдет-ғұрпының тәрбиелік мәніне тоқталып, ұлттық болмысты сақтап қалу, құндылықтарды қастерлеу, ата дәстүрді дәріптеу, насихаттау – басты парызымыз екендігін айтты.

Кездесу барысында сотталғандар қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ой-пікірлерін ортаға салып,еркін форматта пікір алмасты. Шара соңында Сакен Мінуарұлы «Салт пен сана» атты кітабын таныстырып, мекеме кітапханасына және сотталғандарға тарту етті.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...