Елімізде көлік қымбаттауы мүмкін

Автосарапшылар Қазақстанда көлік қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atameken Business сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, бұған АҚШ-тан Қытайға микрочиптерді экспорттауға қойылған шектеулер себеп болуы мүмкін.

Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері әлемдегі ең ірі автоөндірушілер үшін жартылай өткізгіштерді жеткізудегі негізгі мемлекеттер. Енгізілген шектеулер жағдайды ушықтыруы мүмкін.

Соңғы екі жылда әлемде чип өндірісінің тапшылығы шамамен 10 пайызды құрапты. Ал мұндай көрсеткіштермен көлік бағасы шамамен 15-25 пайызға қымбаттайды.

Дегенмен, сарапшылар автокөлік бағасының өсуі ұзаққа бармайтынын, шектеулер аясында бағаның күрт өсуі спекуляциялық мақсатта болатынын айтады.

«Бағаның өсуі жалғасады. Осыны пайдаланып спекуляциялық әрекеттер болады, қысқа мерзімді өсім болады, бірақ бұл тыйым салумен тікелей байланысты емес. Бағаның өсуі бұрыннан бері келе жатыр. Ұзақ уақыт бойы біз одан арыла алмаймыз. Ол кем дегенде алты ай жалғасады. Барлығы қымбаттайды», — деді автосарапшы Павел Федотов.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...