Елімізде электронды темекі мен вейптерге тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда электронды темекі мен вейпке тыйым салу ұсынылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ашық НҚА» сайтында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұжырымдамасы берілген. Құжатта электронды темекі айналымына тыйым салу нормасы ұсынылған

«Қазақстанда вейптер бақылаусыз, барлық жерде қолжетімді бағамен, жасөспірімдер мен жастарға сатылып жатыр. үСондықтан елдегі өсу қарқыны жоғары. 

Әрбір бөлшек сауда дүкенінде бір вейптің бағасы 2000 теңгеден аспайды», — делінген хабарламада.

Мәселен, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде вейптерді сатуға, ашық көрсетуге, оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салу туралы норма қарастырылған.

«Жасөспірімдер мен балалар арасында вейптерді көп тұтынып, елде вейпинг індетіне шалдыққандар көп болғандықтан электрондық темекілерді таратуға, сатуғы тыйым салу туралы ережені енгізу ұсынылды», — делінген жарияланған құжатта.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...