Мал ұрлығына қатысы бар екі ер адам қамауға алынды

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз тұлға оның жайылымда қараусыз жүрген құны 300 000 теңге болатын 1бас сиырын түнгі уақытта ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.
Ұрыны ұстау мақсатында учаскелік полицейлер оқиға орнына бірден жетті. Тәртіп сақшылары куәлардан жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде екі тәулік ішінде күдікке ілінген 2 ер адам ұсталды. Олар жұмыссыз Сайрам ауданының тұрғындары.
Белгілі болғандай күдіктілер ешкімнің жоқтығын пайдаланып, өзінің жүк көлігіне сиырды тиеп, әлдебіреуге сатып жіберген. Сонымен қатар күдіктілердің бұдан басқа тағы бір жайт мал ұрлықтарына қатысы бары расталды. Қазіргі таңда сезікті деп танылған азаматтар қамауда. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Кассациялық сот – маңызды реформа

Кассациялық сот – соттардың заңды дұрыс қолдануын тексеретін жоғарғы...

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты міндет!

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Апостиль – ресми құжаттарға қойылатын мөртаңба.

Апостиль – бұл жай ғана мөр емес. Ол –...

Ко Дню Астаны в учреждении средней безопасности области Абай состоялась выставка изделий осужденных

В учреждении средней безопасности, приуроченная ко Дню Астаны, состоялась...