Алматыда бүгіннен бастап жылу беріледі

Алматыда бүгіннен бастап жылу беріледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылыту маусымы басталған күн метеорологиялық болжам мен Алматыдағы ауа райының күнделікті мониторингі негізінде анықталған.

«Тұтынушыларды жылумен жабдықтау мына кезек бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылады:

— балабақшалар, емдеу орындары, мектептер, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;

— тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;

— әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;

— басқа ғимараттар«, — делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету процесі басталған. Жылу желілері жылу энергиясын баланс шектеу шекарасына дейін (үйге кіреберіске дейін) жеткізеді. Басқарушы компания, ПИК, ОСИ үйге кіреберістегі параметрлерді тексеріп, үй ішіндегі жылумен жабдықтау жүйесін қосуы керек.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...