Пусанда қазақстандық «Схема» фильмінің көрсетілімі өтті

Пусан кинофестивалінде қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтың «Схема» фильмінің көрсетілімі өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Картина ең қызық 30 фильм енген «Азия киносына терезе» бағдарламасында ұсынылды. Кореялық KBS арнасының сарапшысы режиссер Шәріпов балалар проблемасын көтергенін айтты. Ал DailyN басылымы қазақстандық фильм көрерменді өзіне баурап алады деп жазды.

Еске салайық, «Схема» биыл Берлин кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Фильмде жеткіншектерді пайдалану, нашақорлық пен маскүнемдік мәселелері көрсетілген. Басты актерлер Виктория Романова мен Тайыр Свинцов үшін бұл кинодағы дебют болды. Қазақстанда «Схема» биыл сәуірде жарыққа шықты. Фильм бірнеше кинотеатрда ғана көрсетілді.

«Егер күрделі және әлеуметтік бағыттағы тақырып болса, әрине, оның аудиториясы шектеулі болады. Ел ішіндегі дистрибуция қайта құрылып, бізге есігін ашқанын қалаймыз. Ал әзірге Голливудпен бәсекелесу бізге қиын. Өйткені олар алдыңғы қатарда, ал Қазақстан фильмдері соңында тұр», — кинорежиссер Фархат Шәріпов.  

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...