Еліміздің кей қалаларында жалға берілетін баспана бағасы төмендей бастады

Қазақстанның кей қалаларында баспананы жалға беру бағасы төмендей бастады. Кейінгі аптада бағаның төмендеуі Петропавл, Ақтөбе, Павлодар, Орал және Астана қалаларында байқалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Krisha.kz сарапшылары кейінгі аптадағы, яғни 5-12 қазандағы баға мониторингі деректерін ұсынды. Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін алғашқы апталарда жалға беру бағасы өскен қалаларда жалдау ақысы төмендей бастады.

Мәселен, бір апта ішінде айтарлықтай арзандау Петропавл мен Ақтөбеде (бағаның 14 пайыздан аса төмендеуі, орта есеппен бір шаршы метрге шамамен 4400 теңге), сондай-ақ Орал мен Павлодарда (10 пайыздан аса) байқалды. Астанада кейінгі аптада жалға берілетін тұрғын үй бағасы 6,8 пайызға арзандаған.

Бұл ретте Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларында жалға алу бағасы қымбаттаған. Бір аптада жалға беру бағасы Алматыда бірден 8,9 пайызға (1 шаршы метр бағасы 5 555 теңге), Ақтауда 9,8 пайызға (шаршы метрі 3 035 теңге) өскен.

Алматыда жалға берілетін пәтерлердің арзандамауы ішінара нарық құрылымының өзгеруіне және арзан пәтерлердің тапшылығына байланысты екені атап өтілді. 12 қазандағы жағдай бойынша пәтерлердің абсолют бағасы бойынша қала көш бастап тұр – бір бөлмелі пәтер 270 000 теңге, екі бөлмелі пәтер — 500 000, үш бөлмелі пәтер 750 000 теңге. Астана баға бойынша екінші орында – бір бөлмелі пәтер 250 мың теңге, екі бөлмелі пәтер 350 мың, үш бөлмелі пәтер 500 мың теңге.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...