Діни экстремизмнің өзекті мәселелерін талдау және деструктивті діни ағымның кері әсерінен зардап шеккендерді оңалту бойынша диалог алаңын орнату, пікір алмасу мақсатында, ШҚО Дін істері басқармасы, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы, «Халифа Алтай» Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің ұйымдастыруымен республшикалық форум өтті.
Аталған форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігі Дін істері комитетінің оңалту жұмыстарын үйлестіру басқармасының басшысы, Бас мүфтидің кеңесшісі, Философия кафедрасының аға оқытушысы А.Н. Гумулев атындағы ұлттық университетінің доценті және ҚМДБ –ның Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі қатысты.

«Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ және Халифа-Алтай мешітінде, облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының директорлары, мамандары мен бас теологтары, ҚМДБ өкілдері, ШҚО қалалары мен аудандарының ішкі саясат бөлімдерінің дін мәселелері жөніндегі бас мамандары, Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті теологтары, сондай-ақ С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің философия және дінтану факультетінің студенттерінің қатысуымен өткізілген форумның пленарлық отырысында бірнеше мәселелер талқыланып, «Діни экстремизмді алдын алу: теориясы мен практикасы» тақырыбында ақпарат алмасып, тәжірибе бөлісіп, бағыт-бағдарлар ұсынды. Форумның жабылуы мен қорытынды шығару сәтінде Шығыс Қазақстан облыстық өлкетану мұражайымен, «Ақбауыр» кешеніне саяхат жасалып, «Бірігіп пішкен тон келте болмас» — дегендей ақылдасып, сырласып, ой бөліскен форум, «Үйренбей білім жұқпас» дегендей Қылмыстық- атқару жүйесінің қызметкерлерінің мәселелі сұрақтарын шешуге үлкен үлес қосты – деді облыстық Департамент қызметкері әділет майоры Айнур Жикбаева.