Дзюдодан ӘЧ: қазақстандық спортшылар қанша табыс тапты?

Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионаты жүлдегерлері қанша сыйақы алатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі.

Абиба Әбужақынова (48 келіге дейін) мен Елдос Сметов (60 келіге дейін) турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

Бұл нәтиже бойынша, қазақстандық спортшыларға 8 мың еуро (шамамен 3 миллион 660 мың теңге) төлем беріледі.

Жүлденің 1200 еуросын (шамамен 550 000 теңге) спортшылар жаттықтырушысына беруі тиіс.
 
Айта кетейік, әлем чемпионатының алтын медалі 26 мың еуроға, ал «күмісі» 15 мың еуроға бағаланған.

Әлем біріншілігінде төрт салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздарды анықтау қалды, турнирдің соңғы күні командалық стартта жүлдегерлер анықталады.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...