Салтанат Тұрсынбекова президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйым мәліметінше, 11 қазанда Астанада «Қазақ аналары — дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтіп, онда президенттікке кандидат ұсыну мәселесі қаралған.

«Жиналысқа қатысушылар белгілі қоғам қайраткері, құқық қорғаушы Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызын алдағы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидат ретінде ұсынды.

Бірлестік басшысы Айнұр Жүгінісова Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы ана мен баланы қорғауға, отбасы институтын нығайтуға, ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттауға белсенді атсалысып жүргенін айтты», — делінген хабарламада.

Салтанат Тұрсынбекова көптеген жылдар бойы азаматтық құқықтар, әсіресе әйелдер мен балаларды қорғау туралы мәселе қозғайды. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында ерекше белсенді.

Астана қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі болды.

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...