Зеленский украин халқына үндеу жасады

Украина президенті Владимир Зеленский украиналықтарға баспаналарын тастамауды сұрап, үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Кең ауқымды соғыстың 229-шы күні. 229-шы күні бізді құртып, жер бетінен өшірмекші. Запорожьеде үйде ұйықтап жатқан адамдарды жойды. Днепр мен Киевте жұмысқа бара жатқан адамдарды өлтіреді.

Бүкіл Украинада әуе дабылы басылмай тұр. Зымырандардың соққысы әлі де өршіп тұр. Өкінішке орай, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Өтініп сұраймын, баспаналарыңызды қалдырмаңыздар. Өздеріңізді, туыстарыңызды қорғаңыздар», — деп жазды Зеленский Telegram-да.

Зеленский Киевке жасалған шабуылдардан кейінгі кадрларды да жариялады.

Киев мэрі Виталий Кличко зымырандардың қала орталығындағы (Шевченков ауданы) және Соломенск ауданындағы нысандарға түскенін айтты.

«Әуе шабуылы, яғни қауіп жалғасып жатыр. Киев тұрғындарына баспанада болыңдар деп үндеу жасағым келеді. Қала маңындағы елді мекендердің тұрғындарынан қалаға шықпауларын сұраймын. Киевтің орталық көшелерін жауып тастады. Тәртіп сақшылары, құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр», — деп жазды Кличко.

Украина Ішкі істер министрлігі басшысының кеңесшісі Ростислав Смирновтың айтуынша, зымыран соққысы салдарынан қаланың Шевченков ауданында сегіз адам қаза тауып, тағы 24 бейбіт тұрғын жараланған.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...