Үйінің ауласына «сора» есірткісін еккен әйел анықталды

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында  Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, есірткі затын өсіру, баптау, тасымалдаумен айналысушаларды анықтау, жолын кесу мақсатында  жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізуде. Осы аралықта полицияға мақтааралдық тұрғынның бірі өз ауласына есірткі өсіретіндігі туралы хабарлама келіп түсті. 
Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру» бойынша тіркеуге алды. Ақпаратты растау негізінде Түркістан облысы ПД-нің әуеге ұшатын камерасы (дрон) алдырылды. Аталмыш құрылғымен Мақтаарал ауданына қарасты елдімекендер мен «Сырдария» өзенінің жағалаулары, тоғайлы және егістік алқаптарында тексеру жұмыстары тыңғылықты жүргізілді.           Соның нәтижесінде полицейлер ауласында есірткі егілген үйді анықтады. Күдікті орта жастағы әйелдің ауласына тінту жүргізу барысында, 3 түп есірткіге ұқсас өсімдік айғақты зат ретінде алып, сараптамаға жолданды. Нәтижесінде алынған зат «сора» есірткісі болып шықты. Қазіргі таңда сезікті жалғызбасты әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.                            Түркістан облысының полицейлері тұрғындарын заңға қайшы әрекеттер, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамауға, тек салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

В Алматинской области более 460 детей получили медицинскую помощь в рамках выездных осмотров

В рамках мероприятий, приуроченных ко Дню Республики Казахстан, специалисты...

Алматы облысында 460-тан астам балаға көшпелі медициналық көмек көрсетілді

Қазақстан Республикасы күніне орай Облыстық балалар клиникалық ауруханасының мамандары...

Сот қызметін ұйымдастыру – жауапты әрі маңызды міндет

Істің көзін тапқан, қисықтың тезін тапқан мамандар ғана халық...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілдің қоғам...

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ 

Қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – маңызды...