Ай туғанда түн ерекше бір көрініске ие болады. Басқа түндердей емес, ерекше тылсым мен мистикаға толы. Және оны кез келген адам байқай да бермейді. Айдың адамға қалай әсер ететіндігі туралы ғалымдар да дәлелдеген. Әсіресе жаңа Ай туған кезде адам өзі түсіне бермейтін әрекеттерге барып, әлем бойынша қылмыс та көбейеді екен. Бұл жер серігінің не құдіреті бар екені қайдам, бірақ оның адам өміріне тигізер тылсым әсері әлі күнге дейін жұмбақ боп қала бермек.
Қарашаның қоңыр желі есіп, аспанды бұлт торласа да, шалқасынан туған Ай аспаннан анық көрінді. Күздегі қара суықта көп адамдар себепсіз көше кезгеннен гөрі, жылы жерде, үйлерінде болғанды қалайды. Дүйсенбі күні көше де тыныш. Тек тыныштықты «Альбион» қонақ үйінің алдындағы шуласқан адамдар ғана бұзды демесе, көшеде артық басқан жан көрінбейді.
— Ай туған кезде міндетті түрде бірдеңе болады. Бұл жолы не болды? Ұрлықпа? – деді, Абай.
Абай кәсіби тергеуші. Жас болғанына қарамастан, қарапайым участкелік поицейден аз уақыт ішінде ең мықты тергеушіге дейін көтерілді. Оның тәжірибесінде бірде бір қылмыс ашылусыз қалмады. Оның адам болмысын, психологиясын қатты зерттегені соншалық, оған әріптес достары «сканер» деп ат қойды. Адамдарды бірден сезу арқылы өз ісінде ұсақ ұрлық пен ауыр қылмысты да ашқан еді. Ол өз тәжірибесінен ай туған кезде міндетті түрде бір қылмыс болатынын талай байқаған. Бұл жолы да ол өзінің ішкі түйсігінің алдамағанын білді.
— Бұл жолы ұрлық емес. Үлкен қылмыс болды. Дереу кеттік, барлығын жолда түсіндіремін,- деді көмекшісі Нұрлыбек.
Бүгін қарашаның 10-ы күні сағат түнгі 23.00 шамасында Альбион қонақ үйінің бесінші қабатынан, өз бөлмесінде әйгілі бизнесмен Жаппаровтың өлі денесі табылды. Оны алғаш боп қонақ үй қызметкері көрген. Полицияға хабарлаған да сол. Өлім себебі – қасақана жасалған қылмыс. Шарап шынысымен басынан ұрған. Куәгерлердің айтуынша ол мүнда сағат 21.00 шамасында ашынасымен бірге келген. Қонақ үй қызметкерлерінің айтуынша ол бұл қызбен осы жерге үнемі келеді екен.
— Күдіктілер барма?
— Күдікті бар. Бір емес, бірнешеу..
Жаппаров Дәулет қаладағы ең үлкен бизнесмендердің бірі. Оның иелігінде бірнеше ресторан, автотұрақ, базар,және ірі тендерлер бар. Форбс журналындағы елулікке ене қоймаса да, өз қаласына атышулы, елеулі адам еді. Қайырымдылық шаралары да бар. Мешіт салуға үлкен үлесін қосқан. Қаладағы мосттың жөндеу жұмыстарын жақында ғана ұтып алған.
— Ендеше бақталастары болды ғой?
— Абеке асықпаңыз, — деді Нұрлыбек, көлігін қонақ үйдің жанына қойып.
Журналисттер қаптап кетпей тұрғанда біз дереу тергеуді бастауымыз қажет.
Оқиға болған жерге келген Абай бөлменің әр бөлігін зерттей қарады. Мән жайды толық түсіну үшін іспен толықтай танысып, Жаппаров туралы ақпарат жинады. Қонақ үйдің қызметкерлерінің әр қайсысымен сөйлесіп, этажда тұрған камераны асықпай қарады. Расымен , бұл бір ерекше іс болғалы тұр. Бүгінгі түн тыныш болмасы анық,- деп ойлады Абай.
Экспертиза нәтижесі Жаппаров басынан соққы алмас бұрын әлдебір мықты токсиннен уланғанын көрсетті. Және аздап мойнында саусақ іздері де бар.
— Бірінші күдіктіміз кім? – деді Абай Нұрлыбекке қарап. Оның өткір көздері тым шаршаңқы көрінді. Алдындағы қою кофесін ұрттап, темекесін сөндіріп орнынан тұрды.
— Алғашқы күдікті Жаппаровтың әйелі Әлия Жаппарова. Шет елге кетпекші екен. Аэропорттан ұстап әкелдік.
— Қазір осындама?
— Ия..
Әлия Жаппарова Дәулет Жаппаровтың заңды некедегі әйелі. Жасы 40 тан сәл асқан аққұба әдемі әйелді көрген кезде Абай бойын билеген әлдеқандай сезімді тоқтата алмады. Осы кезге дейін талай хас сұлуларды көрген. Бірақ бұл әйелдің тартымдылығы өзгеше, басқаларға ұқсамайды. Көздері қараған кезде тұла бойыңды тесіп, жан дүниеңді оқып қойғандай. Көздерінен жастың ізі суымаған, әйтсе де денесін тік ұстап, сабырлылық танытып отқандай. Ол Абайдың сәлемін алмады. Жігіт сұлулыққа мастанбай, тез есін жыйды да, бірден сұраққа көшті.
— Қайда жол тарттыңыз?
— Америкаға, қызыма..
Әлия мен жолдасының жалғыз қыздары Америкада оқитын.
— Неге бүгін? Неге сіз кететін күні жолдасыңыздың мәйіті табылады?
Шамасы бұрын соңды тергеуде боп көрмеген ау. Күдікті біраз іркіліп, есін тез жыйды.
— Бұл бір ай бұрын жоспарланған еді. Сенбесеңіз билетті тексеріңіз.. Мен түсінбедім, мені бұл жерге не үшін әкелдіңіздер? Неге мен күдіктімін?
— Себебі жолдасыңыздың сақтандыру парағында сізді көрсеткен, ол жерде аз сомма көрсетілмеген. Ол өлген жағдайда, сіз жүз миллион долларға ие боласыз. Екіншіден қылмыс болған уақытта сіз шет елге қашпақшы болдыңыз. Және үшіншіден.. Бұл сөздерді Абай сәл кідіріңкіреп айтты. Үшіншіден, сіз жолдасыңыздың ашынасы бар екенін білетінба едіңіз?
Әлия бұндай сұрақтарды күтпесе керек, дереу қипақтап сөмкесін ақтара бастады. Оның не іздегенін түсінгендей, Абай темекісін ұсынды. Ол дереу темекіні алып жіңішке саусақтарымен аузына салды. Рахаттана бір екі тартылыс жасаған соң, түтінін будақтатып біраз отырды. Оның осы отырысының өзі ерекше еді. «Қандай керемет әйел», деп ойлады ішінен жігіт.
«Білесізбе, ақша адамды бақытты етпейді. Сырттан қарағанда жұрт қызығатын жұп болсақ, іштей өз отыма күйіп жүрдім. Мен оның өліміне қиналдым десем өтірік болар. Алайда көзіме қимастық жас келді. Қызымның әкесі ғой.. Мен бұрыннан ақ онымен ажырасқым келген. Мен оның жас ашынасы бар екенін де білемін. Мұндай қорлыққа төзгім келмеді.. төзе алмадым да. Бірақ ол менен айырылғысы келмеді. Ақшамен алдады. Сақтандыруға мұрагер етті. Мен оның кез келген қалағанын сатып алып үйренген қылығын жек көрдім. Одан алысқа қашқым келді. Ертең қызымыздың туған күні. Мен оның жанында болғым келді. Сенесізбе маған? – деп Абайға қиыла қарады. Жігіт оның әр сөзіне сенгісі-ақ келді. Әйелге деген құштарлығы бойын билеп, оны жұбатқысы келді. Бірақ Абай ешқашан сезімге бой алдырмаған жігіт. Ол сол сабырлы күйінде сұрағын жалғастырды.
— Ашынасы туралы қашаннан бері білесіз? Мүмкін сіз қызғанып…
— Қызғаныш дейсіз? Әлия ерекше бір мысқыл күлкімен жігітке қарады. Алсам боладыма? Деп тағы бір штук темекіні аузына салды.
Енді ол өз-өзіне келгендей боп, сабырлы қалыпқа көшті.
— Сезімі жоқ адамның бойында қызғаныш та болмайды. Оның жас қызбен жүретінін мен бұрыннан білгенмін. Менде бір қандай да сезім тудыру үшін солай жасаған секілді.. Алайда кім білген..
Ол темекесін терең тартты да, күл салғышқа қоя салды.
— Соңғы сұрақ,- деді Абай, әйелдің бар болмысын зерттегендей көздеріне тура қарап. Ол сізге қол көтерді ме?
Бұл сұрақты не үшін қойғанын өзі түсінбеді, бірақ ол өз басында картина жасау үшін керек болды деп шешті. Қысқа ғана жауап.
— Ия…
***
— Екінші күдікті осындама?
— Ия, осында, өзі тұрған барби қуыршағы секілді, — деді Нұрлыбек.
Аида. Жасы жиырма екіде. Жаппаровтың ашынасы. Жасанды сұлулық. Расымен де қуыршақ секілді. Күзгі жапырақтай сары шаш, жапсырылған кірпік, үрілген ерін. «Ия, Жаппаров қай жеріне қызықты екен мынаның? Әлиямен салыстыруға да келмейді. Мүмкін әйелі рас айтқан болар, мұның бәрі оның қызғанышын туғызу үшін.. Не болса да көреміз»,- деп ойлады Абай. Көз жасын көл етіп аңыраған қыз сұраққа да мардымды жауап бере алмады.
— Сіз ол жерден не үшін ерте кеттіңіз? Сағат 21.00 шамасында Жаппаров мырзамен бірге кіргендеріңіз камерада айқын. Жарты сағаттан соң, асығып шығып кеттіңіз.
— Мен оны өлтірген жоқпын, біз сөзге келдік, сол үшін мен ренжіп… қыз қыңсылай жылап, жасын сүрте бастады.
— Не үшін ренжістіңіздер?
— Мен оған әйеліңнен ажырас, біз бірге болайық дедім. Ол ажырасқысы келмеді..
— Отбасылы адамға неге ажырас дедіңіз? Себебі барма?
— Ну вы понимаете, я беременна.. А ол баланы алдыр деді. Ну потом мен ашуландым, мы ругались сильно и я убежала..
Абай қыздың бетіне ұзақ қарады.
— Сіз ашуланып, оның басынан бөтелке шынымен ұрдыңыз?
— Н е е ет, вы что.. Қыз дауыстап жылай берді. Ентігін баса алмай біраз қиналды.
— Я хотела за него замуж.. Мен даже мамама айтқанмын. Но он не захотел разводиться. Это его жена убила, это тварь… Чтобы получить наследство…..
Абай бөлмеден үнсіз шығып кетті. Түн соншалықты ұзақ еді.
— Үшінші күдікті келді ме?
— Әкеле жатыр..
Оған дейін мен кофе ішейін. Алда әлі ұзақ түн…
***
— Үшінші күдіктіні әкелді
— Кіргіз…
Сайлаубаев Азамат. Жасы жиырма бірде. Жаппаровтың өкіл баласы. Әлияның бірінші некесінен туған бала. Т а а ак, — деді Абай, істі қолға алып.
— Сайлаубаев Азамат, 10 қараша күні сағат он бір, он екі шамасында қайда болдыңыз?
Жігіт жауап бермеді.
— Олай болса мен айтайын, сіз Альбион қонақ үйіне келіп, бесінші қабатқа көтерілдіңіз. 304 бөлмеде Жаппаров мырзаға келдіңіз. Араларыңызда ұрыс туындап, төбелеске көштіңіздер. Жаппаровтың мойнындағы саусақ іздері сіздікі екендігін дәлелдейді. Сіз ашуға беріліп, тұрған шыны бөтелкемен басынан ұрып, ол құлаған соң қаша жөнелдіңіз. Мұның барлығы видеода айқын көрініп тұр. Не дейсіз?
Терең тыныстаған Азамат бір нүктеге қадалған күйі жауап бермеді.
— Сіз білесізбе, адам өлімі үшін қасақана жасалған қылмыс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99- бабы бойынша 10 жылмен 20 жыл аралығында бас бостандығыңыздан айырылатыныңызды. Ал егер мойындасаңыз, сот шешімін жеңілдетуі мүмкін.
— Мен оны өлтірген жоқпын.. Оның сонда ашынасымен бірге болатынын біліп әдейі бардым. Анама көрсеткен қорлығына төзе алмадым…
— Сіз өлтірмесеңіз кім өлтіреді? Барлық айғақ сізді көрстетіп тұр.
— Ол анамнан айырылмайтынын айтты. Мені аяққа оратылма деп басынды. Мен шыдай алмадым.. Жағасынан алып алыстық. Ол да маған қол жұмсап үлгерді. Бірақ мен оны өлтірген емеспін…
***
— Мынау бір шытырман болдығой, — деді Нұрлыбек қою кофені ұрттай.
Кім өлтірді деп ойлайсың Абеке? Менің ойымша сол әйелі секілді.. ты чтоо миллиондаған ақша тұр..
Абай Әлияны кінәлі санауға асықпады. Оның тұңғиықтай терең көздері өтірік айтпайтын секілді. Ал мәйіттің қанынан табылған у ше? Оны кім беруі мүмкін әйелінен басқа? Аидаға ашынасын өлтіру тиімсіз, ал Азамат ше? Бөтелкеде ешқандай саусақ ізі жоқ, яғни өлтіруші оны алдын ала ойластырған. Азаматтың келгенін қонақ үй қызметкерлері көрді. Орналасқан камера тағы бар. Соны біле тұра ол бөлмеге кіріп оны өлтіре сала кетіп қалдыма? Ұйқаспайды..
— Абеке, келіп кетіңізші, — деді кезекші майор. Жаппаровтың әйелі кінәні мойнына алды. Бәрін мойындады.
— Қалайша?
— Әлия ханым…
— Мен мойындаймын барлығын. Дәулетті өлтірген мен. Үйден шығарда ішімдігіне у қостым. Мені тұтқындаңыздар..
Әлияның мұндай әрекетке баруына бір-ақ себеп. Ұлын құтқару. Азаматты күдікті етіп осында әкелді дегеннен аяқ асты кінәсін мойындай қалғаны, аналық жүрегінің шыдамағандығы. Оның бұл әрекеті абайды қайран қалдырды.
— Сіздің жолдасыңыз жүректен емес, ауыр соққыдан қайтыс болды. Сіз не үшін бұлай жасап отырғаныңызды түсінемін, бірақ бұндай шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Сіздің бір ғана айғағыңыз сіз ол қонақ үйде болмадыңыз.
Әлия үндемеді. Жәй ғана көзінен тамшылаған жасты білдіртпеуге тырысып сүрте берді.
— Азамат адам өлтірмейді. Ол менің ұлым. Ол ондайға бармайды, мен оны білемін…
— Мен қылмыскерді табамын, — деді Абай.
***
Егер менің түйсігіме сенсек, бұл үшеуі де қылмыскерге ұқсамайды. Ия, айғақтың басым көпшілігі Жаппарованың ұлына әкеледі. Біз бір нәрсені қалт жіберген сияқтымыз Нұрлыбек.
— Егер бұл үшеуі болмаса сонда кім? Қонақ үйде басқа ешкім болмады..
— Камерада Аида мен Жаппаровтың кіргені, сонан соң Аиданың қашып шыққаны, көп ұзамай Азаматтың келгені, сосын шыққаны тұр. Содан кейін ештеңе жоқ… Абай ойланып біраз тұрды. Өлікті бірінші көрген кім?
— Қонақ үй қызметкері..
— Оның бөлмеге кіргені неге камерада жоқ?
— ………
Жаппаровтың мәйітін тапқан Гүлназ есімді қыз. Қонақ үйде жасағанына аз ғана уақыт. Тергеуші камераның басқа тұс бөлігінен түсірген видеоны бақылады. Азамат кеткен соң бес минуттан кейін қызметкердің кіргені анық көрінеді. Пауза. Он минут қызметкер Жаппаровтың бөлмесінде не істеді?
— Дереу қызметкерді алдыртыңдар. Және маған осы қыз жөнінде данныйлар қажет..
Саденова Гүлназ Болатқызы. 1992 жылы дүниеге келген.
— Мен мына қызды қайдан білемін?- деді Абай сәл ойланып.
— Осыдан үш жыл бұрынғы көлік апаты есіңде ме? Бүкіл халық шулады емеспе..
— Әлгі Жаппаров қаққан баланы айтамысың? Содан..
— Сол кезде Жаппаров барлығын шопырына жауып, оңай құтылған. Ал қайтыс болған баланың жалғыз анасы мен апасы қалған.. Баланың аты жөні ұмытпасам Саденов Асхат па Асқар ма..
— Мына қыз сол баланың апасы???
— Оны қазір көреміз.
***
Торға түскен торғайдай қарсыласқан Гүлназ тергеушілердің алдында шарасыз еді. Ол бастапқыда адвокат та сұрады, ешнәрсе білмейтіндігін де айтты. Алайда Абай өз сұрағын тергеуден емес, алыстан бастады.
«Бала кезімде, шамасы бес жаста болуым керек, кешкілік анамның жоқтау айтқан зарлы дауысынан қатты шошыдым. Не болды деп сұрауға да батылым бармады. Баламынғой әлі. Үлкендер кішкене қарындасымды жоқтады. Ол менен бір-ақ жас кіші еді. Көл жағасынан денесі табылған. Есейе келе білдім, ол суға кетпеген, оны зорлап, өлтіріп кеткен.. Ал қылмыскерді ешкім таба алмады. Сол кезден ақ мен өзіме уәде бердім. Мен қылмыскерлерді ұстайтын тергеуші боламын деп. Бауырын жоғалтқан адамның бірі менмін. Мен сені жақсы түсінемін.
Үнсіз отырған қыз еңкілдей жылады.
— Ол қанышер інімді өлтіргенімен қоймай, барлығын ақшаға сатып алғысы келді. Онсызда қан жұтқан анамды келіп, кешірім сұраудың орнына… Қыз өксігін баса алмады. Ол неме кешірім де сұрамады.. Тайраңдап жүрді… Құсадан анам ауру болып, былтыр жер қойнына тапсырдым. Ол адам өмір сүруге лайықты емес еді….. Қыз өкіріп жылай берді.
« Бай адамға жақындау қиын. Ол баратын жерге біз бара алмаймыз, ол жүретін жерде біз жүре алмаймыз. Бір күні бір жиында Жаппаровтың ашынасын көрдім. Ел жұртқа мақтанып, өзінің бизнесменнің махаббатымын деп сусылдап тұр. Сөз арасында олар үнемі Альбион қонақ үйіне баратындықтарын айтты. Осы кезден бастап мен әлгі оңбағаннан кек алуды ойладым. Қонақ үйге қызметші болып кірдім. Олар расымен бірнеше рет келді. Әр келу күнін, кестесін бақыладым. Қалайда мен Жаппаровтан кек алғым келді. Оны бар жасағандары үшін кешірім сұратқызғым келді. Көп іздендім. Жүрек тоқтататын ТН-16 токсинін іздедім. Оны ол ішетін вискиге қостым. Бөлмесіне апардым. Бірақ ол сұмырай оны көп ішпеді. Мен күтпеген жағдайлар болды. Менің жоспарым бойынша ол ашынасының қойнында өлсе, ел жұртқа абыройы шашылса дедім. Бірақ қыз кетіп қалды. Мен бармақ болдым. Бірақ бөлмесіне алқынып бір жігіттің кіргенін көрдім. Ол ашулы шықты. Не болғанын білмеймін, бөлмесіне өзім баруды ұйғардым. Ішімдік жартылай ішілген. Ол теріс қарап отыр. Менің жақындауға батылым жетпеді. Ашу ызамен өзімнің кім екенімді айттым, бірер сағаттан соң өлесің деп, ішімдігіңе у қосқанымды айтты. Бұны естіген ол ентелей келе мені буындырмақшы болды. Мен қолыма түскен шынымен оның басынан үрдым. Ол тілсіз қатты. Қолымда перчатка болатын. Оның тамырын ұстадым, тынысын тексердім. Токсин де әсер еткен болар. Ол өлді..
Кейін 102 ні тердім. Қызметкерлерді шақырдым. Барлығы у-шу боп жатқанда камерадағы жазбаның соңғы жағын қиып тастадым.
Гүлназ терең күрсінді. Барлығы түсінікті болды.
Таң бозара атып, күн сәулесінің алғашқы нұры жерге түсе бастады. Расында да бұл ұзақ түн болды. Тылсым түн болды. Қылмыскерді тапса да, Абайдың көңілі тыныш таппады.
— Тергеуші мырза, — деді қыз кенеттен.
Абай қызға қарады.
— Қылмыскерді таптыңыз ба? Қарындасыңызды өлтірген
— Ия.. Таптым..
— Жазасын бердіңіз бе?
— Бердім..
— Менде бердім..
Қылмыс әлемі сан қилы. Тек Ай туғанда абай болыңыздар.
Жалиева Бақыт Мейрамғалиқызы