1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адам­дарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсе­тілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.

Әрбір азаматтың қартайған ке­зін­дегі өмірін лайықты ету – мем­­­­лекетіміздің әлеуметтік саяса­ты­ның басты бағыттарының бірі.

Осы­ның айқын дәлелі ретінде, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №49 мекемесінің жеке құрамы аға ұрпақ өкілдеріне, ата-әжелерімізге құрмет пен алғысымызды білдіре отырып, ерен еңбек сіңірген жандарға тағзым етіп, ауылымыздын ең улкен әжелеріне сый-сыяпат жасап, ас беріп алғыстарын білдірді.

«Үміт – 2026»: шығармашылық арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...