12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Суицидтын алдын алу

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №57 мекемесі кадр саясат бөлімшесінің  аға инспектор психологы Гаухар Искакованың ұйымдастыруымен өз-өзіне қол жұмсау факторларын алдын-алу мақсатында «Қызмет және менің өмірім»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Заречный ауылы мешітінің бас имамы Бейсен Әділбекұлы, психиатр маман Берік Вахитов, №65476 әскери бөлімінің психологы Жұпар Султанмуратова, 3660 әскери бөлімінің басшылығы, әскери полиция бастығы Дәурен Бекенов, 3660 әскери бөлімінің психологы Галима Сабазбекова, № 57 мекеме басшылығы және теологтары шақырылды.

«Жүйке ауруына шалдыққандар саны  осы сәтте, жүрек-қан тамырлары ауруын қуып жетіп қалды. Суицидке әкеп соқтыратын жүйке ауруын алдын-алуды мемлекеттік деңгейде шешу керек. Әсіресе жастар арасындағы суицидке баса назар аударуға тиіспіз»,- деп атап өтті психиатр маман Берік Вахитов.

№57 мекеме басшылығы мен қонаққа келген мамандар пікірлерімен алмасып, өзекті мәселелерді қарастырды.
   
Жиын барысында психологиялық жаттығулар жасалып, өмірлік қағидаларды қалыптастыруға арналған психологиялық жаттығулармен бөлісті.

Келген қонақтар арасында белсенді қатысып, өз ойларымен бөліскен қызметкерлер мен қонақтарға №57 мекеме басшылығынан «Алғыс хат» табысталды.

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...