Қызылордада мекеме психологтары бірлесіп «Балинт» тобын құрды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде сотталғандармен тікелей жұмыс жасайтын психологтар бірлесіп «Балинт» тобын құрды.
Топтың негізгі мақсаты – психологтардың біліктілігін арттыруға, олардың жұмысының сәттілігін арттыруға, кәсіби дамуға және өзара тәжірибе алмасуға ықпал ететін орта құру.

Топ басшысы №60 мекеменің психологы Айдос Жүсіпбековтың айтуынша, олар өзара жұмыс тәжірбиесімен бөлісіп, айына бір рет мәдени орындарда жиналады. Психологиялық тренингтер өткізіп, жұмыс барысында туындаған күрделі мәселелерді ортаға сала отырып, шешу жолдарын бірлесе қарастырамыз. Бірінші кездесуде топтың атын қойып, алдағы өтетін шараның жоспарын құрдық,- дейді психолог маман.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...