12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Погондағылар қарт полковникке құрмет көрсетті

1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай, қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы отставкадағы қарт полковникті құттықтап барды.

Мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы,әділет капитаны М.Тұрымбетовтың ұйымдастыруымен зейнеткер қарияға құрмет көрсетілді. Біз жылдағыдай, дәл осы күні отставкадағы полковник Б.Бейсенбинді және жұбайы , аруанамызды қарттар күнімен құттықтап келеміз. Міне,биыл осымен үшіншірет ата-апамызға келіп, тәлімді әңгімесін естіп, хал — жағдайын сұрап білдік.

Жалынды жастық шағын еліміздің қауіпсіздігі жолына сарп етіп, 31 жыл ішкі істер саласында еңбек еткен ардагер ағамыз әлі де тың екен. Біз барғанда есікті өзі ашып, жылыұшырай қарсы алды. Аса көңіл бөліп,қамқорлық танытқанымызға жас баладай қуанып қалды.

Апарған азық-түлік себетіне разы боп, рахметін айтты. Біз жұбайымыз екуміз тоқсанға таяп қалдық.Ұлым алыста . Қызмет бабы солай. Мұнда төртінші қабатта тұрамыз. Түсіп,міну аяғы ауыратын біздерге қиын. Әсіресе, дүкенге барып, ауыр азық- түлікті көтеріп келу тым ауыр жүк болады .

31жылымды құқық қорғау саласына арнадым.Қанша жастарға жол көрсеттім.Талай тәртіп бұзған тентекті қайта тәрбиелеп, жөнге салдым. Совет одағы тұсында қызметімізді бастап, егемендігімізді алған тәуелсіздік жылдары тікемізден тік жүріп елге еңбек еттік. Сол ізімізді басқан мына сендерге айтарым, бұл қиындығы басым ҚАЖ қызметінде адал еңбек пен төзімділік танытсаңдар ,мерейлерің үстем болып, бейнеттеріңнің зейнетін көресіңдер — деп,үй шаруашылығына көмектескен қыздарға да ақ батасын берді.

Осылайша,үлкенге құрмет дегенді санасына сіңіріп өскен ҚАЖ қызметкерлері ұжым атынан , қамкөл қарияларға қолдарынан келгенше көмек қолын созып, көңілін аулап сый-сияпат жасап қайтты.

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...