12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандар мешіт ұстазымен кездесті

28.09.2022 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесіне Қызылорда қалалық «Құддыс — иман» мешітінің ұстазы Мұханбетғани Түлкібаев келді.
Ислам дінінің адам өміріндегі орны, түрлі діни ағымдардың идеяларынан қорғану және дәстүрлі дінді насихаттауды мақсат еткен кездесуге мекемедегі жазасын өтеушілер қатысты. Кездесу барысында сотталған азаматтарға жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы дәріс оқып, намаз оқудың тәртібі мен сабырлық туралы да сөз қозғады.
-Қиындықтар кездессе оған сабыр ету — болашақта адамға келетін нығметтердің, жетістіктердің басы деп қабылдауымыз қажет. Халқымыз «Сабыр түбі-сары алтын», «Сабырлы жетер мұратқа, Сабырсыз қалар ұятқа» деп сабырға байланысты нақылдар қалдырған. Сондықтан ашуды ақылға жеңдіріп, өз-өзіңді ұстап сабырға шақыру, ашуланбау нағыз мұсылмандық. Біреуге қиянат жасамай,тіл тигізбей, бойларыңызды жаман әдеттерден аулақ ұстаңыздар,- деді ұстаз М.Түлкібаев.

Кездесу соңында жазасын өтеушілер аталған тақырып бойынша мешіт ұстазына өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.

Достанова Дана
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

ДЕЙСТВЕННЫЕ ИНСТРУМЕНТЫ РЕШЕНИЯ ПРОБЛЕМ

ЖИВЯ В ДЕМОКРАТИЧЕСКОМ, СВЕТСКОМ И ПРАВОВОМ ГОСУДАРСТВЕ, ГРАЖДАНЕ ЧАСТО...

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79 мекемесінде ашық есік күні өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау...

Балалар колониясында Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесінде  кәмелетке толмаған...

Республикалық репродуктивті денсаулық апталығын қорытындыладық — Аида Балаева

Құрметті достар! Жуырда біз болашақ ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін...

Нархоз университетінде жасанды интеллект пен үлкен деректерге арналған халықаралық конференция өтті

2025 жылғы 16 мамырда Алматы қаласындағы Нархоз университетінде «Цифрлық...