12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиацияны насихаттау тоқтамауы керек

Күнделікті сот жұмысын бақылап отырмағаннан кейін қарапайым
азаматтар жаңашылдықтарды жетік біле бермейді. Сондықтан, сот
саласындағы оң өзгеріс, заңдағы жаңашылдықтарды, игі істерді үнемі
көрсетіп, таныстырып, насихаттап отыру кезек күттірмейді. Соның ішінде
медиацияның тиімділігін, ұтымды тұстарын үнемі көрсетіп, бітімге келудің
пайдалы екенін жұртшылыққа жеткізу аса маңызды. Дауды бітіммен аяқтау
тараптарға ең алдымен тараптардың өзіне ыңғайлы.

Қазақтың бітімгершілік дәстүрінің озық қыры қазіргі кезде әділ
бағасын алып отыр. Тентегін түрмесіз-ақ түзетіп, ауыл арасындағы
кикілжіңді сыртқа білдірмей оңтайлы шешкен би бабалардың шеберлігі
мақтауға тұрарлық. Қазақы құқықтың іргетасы болған бітімгершілікке оралу
арқылы біз билердің пәрменділігін мойындап отырмыз. Қасым ханның қасқа
жолының, Есім ханның ескі жолының, әз-Тәукенің Жеті жарғысының негізі
болған бітімгершілік дәстүрі дамыған елдерде әлдеқашан өзіндік орнын
алған. Австралия, Сингапур секілді елдерде даулардың басым бөлігіне
медиация арқылы нүкте қойылады.
Медиация деген атау алғашында таңсық көрінгенімен, бұл бастаманың
ұтымды тұстарына халықтың қазір көзі жетті. «Медиация туралы» заңның
қабылданып, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың іске кірісуі, билер
кеңесі жұмысының жолға қойылуы дауларды сотқа дейін, сотта шешугі
ықпал етті.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Cотының төрағасы Жақып Асанов
дау-дамай деңгейін төмендету, бітімгершілікті дамыту қажеттігін үнемі
насихаттап келеді. «Cот – дау алаңы. Ондайда абырой-беделді, адамгершілік
пен имандылықты жиып қойып, айтысуға, тартысуға тура келеді. Сондықтан
дау туындағанда ең дұрысы, татуласу», — деген Жақып Қажыманұлы
медиацияның оңтайлы қырларын насихаттаудан сырт қалған емес.
Бүгінгідей уақыттың бағасы артқан заманда өміріңді дауласуға
арнағаннан гөрі, пайдалы іске бағыттаған дұрыс. Нағыз еңбек етіп, кәсібін
дамытатын, отбасының жоғын түгендейтін тұста азаматтардың соттасып,
дауласып жүруі жақсылық емес. Кейде азаматтар құқығын қорғаудан бұрын,
қарсы тараптан өш алу, кек қайтару үшін соттасатынын байқаймыз. Сонымен
бірге, принципке барып өз құқығын сот арқылы қорғайтындар да жиі
кездеседі. Бұл ең алдымен соттасушыны шығынға түсіреді. Өйткені, сот ісі
бір күнде шешілмейді. Әр поцеске қатысу үшін кәсібіңді тастап,
жұмысыңнан сұранып, отбасыңның мшаруаларын кейінге қалдырып сотқа
баруға тура келеді. Пайдасыз ба, пайдасыз! Сонша сандалғанда өзің күткен
шешім шықса жақсы. Ал процесте жеңіліс тапсаң, уақыттың текке кеткені.
Сотқа бару, қайту, баж салығын төлеу, адвокат жалдауға да аз қаражат
кетпейді. Қажетсіз шығын ба, шығын. Бұған қоса, сотқа қатысып жүріп
ашуланасыз, уайымдайсыз, қарсы тараппен сөзге келесіз. Мұның бәрі
денсаулыққа кері әсер етеді. Сонда сотта дауласу арқылы сіз өз еркіңізбен
денсаулығыңызды құртып отырсыз ғой.

Міне, осындай аргументтерді алға тарта отырып, халықты дауласудан
сақтап, мәселені бейбіт шешуге, кикілжіңді келісіммен бітіруге ықпал еткен
орынды.
А.Абишева,
Алматы қаласы
Медеу аудандық сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...