12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖАЗБА СЫРЫ

                                           ******

     Қаршыға  төңіректі барлай қарап,  аяңдап келеді. ..

       Қала сыртынан  табылған мәйіт құпиясы ашылмай, жүйке жұқарта  бастаған…Қауызын енді ашып, жайқалып келе жатқан қыршын қыз өлімі қалада  үрей мен күдік бұлтын қоюлата түскен. Бейшара қыз өлімі ел аузында түрлі тақырыпқа арқау бола бастаған…Бәзбіреулер «жезөкше екен…» деп желсөзге жол беріп үлгерген еді…Созбалақтанған қылмысты істің ақыры «тұйықталуға» айналған.

Көп ұзамай, сарап қортындысы да дайын болып, қызды зорлықпен өлтірілген деген мәлімет ұсынды.

     «Тосыннан тап келер қауіп-қатерден қамсыз бейкүнә көзқарас.»

  4х5 өлшемдегі түрлі түсті суретке ол ұзақ қарай алмай жанарын тайдырып әкетті…

     Қаршыға ертемен  бөлімге келгенде алдынан  марқұмның шешесі қарсы ұшырасты.

–Сіз әкеп тастаңыз  деген жеке заттары арасынан осы жазбаларын тауып алдым.

Жас толы жанарымен  үміттене қараған кейуананы жұбатарлық сөз таппаған Қаршыға күнделікті үнсіз қолына алған.

-Рахмет сізге! Бір хабар болса қоңырау соғармын…

       Күнделік. Қарбалас толы тіршілік саңылауынан сыздықтаған сәуле себездетіп, әлдеқайдан  үміт шақырған  әсерлі оғаш ойлар…Жылы сөздерді жабырқаңқы жанға жақтырып,маржандай әріптер әрлеген  сөйлем жолдары еріксіз баурап әкетті…

«Асыл анам! Біздер үшін қаншама тауқыметтер көрдің!…Марқұм әкем екеуің жасаған жақсылықтарыңды өтей алармын ба?…Мейірім шуағына шомылдырудан танбаған сізді онан сайын сүйеміз! Кей қырсық мінез, оғаш қылықтарымызға көз жұма қарағаныңыз үшін рахмет!…Бізді кешіріңіз!

21 сәуір.»…

    «Достарым Айдын, Руслан, Жанна екеуімізді кеше қалаға серуенге шақырды….Ұзағырақ жүріп қалыптық…Үйге жәй қайттым. Анамнан сұранғаныммен кештеу оралам деп айтпап едім…Қысылып келдім. Ал алтын Анашым болса, «аман есен келдің бе құлыным?»-деп құшағына қатты қысты..Көңілім босап кетті….  20 маусым».

Қалта телефонның ащы дауысы  оны жазбаларға  бойлап кеткен ой тұтқынынан жұлып әкетті.

–Алло ! Иә, жұмыстамын…Түсіндім…Прокуратураға шақыртып жатыр ма?

 Қоңырау жөнелткен тергеу  бастығының  дауысы бәсеңдеп барып сөнген соң, ұялы телефонды тістелеп аз-кем отырып қалды…Прокурор шақырса, арқаңнан қақпасы тағы бар…«Тағы осы «делоның»* дақпырты …»

                                               *****

Қаршыға есіктен аттағаннан прокурор қатты шүйлікті…Істің ауанына көңілі толмай:

 Журналистерге жалған ақпарат таратқан кімдер? Осы істің арты дауға ұласпай тұрып нүктесін қой! Нақты дәлел  айғақ таба алмасаңдар  қатаң шара қарастырам!- деп ескертумен есікті тарс  жапты..

     Прокуратураның ғимаратынан сүлесоқ қалпы шыққанымен, өзін –өзі қамшылағандай қала сыртына беттеді. Ол мәйіт табылған маңайға қайта келді…Басқаша мотив құрып,  жан-жақты жіті бақылап  ұзақ жүрді…Көзіне көлденең артық зат шалынбады. Бөлімге қайта  оралысымен түн қараңғылығы қоюланғанша  тағы күнделікке көз жүгірте бастады…

« Маған ол ұнамайды…Үнемі қырсық сөйлеп қытығыма тиіп жүргені… Жолымды неге кес көлденеңдей береді…Не керек өзіне?.

2 тамыз»

 Бұл кім тағы?..

«Бүгін мейрам. Қала күні. Би алаңына  құрбыларым Жанна, Мира, Әнел үшеуімізді Айдок пен Русик алып барды. Тым жалығып кеттім…Ештеңеге зауқым соқпай үйге қайтқым келді…Дастанның ауылдан келер уақыты болып қалды. «Братишкамды» қатты сағындым!…

10 тамыз».

Мен мінезі қызық бір ағаны жолықтырдым…Әңгімешіл екен..Бурыл тартқан самай шаштары болмаса, төбесінде тіпті шаш қалмаған. Жақында әлдебір алыс ауылдан , осында досының үйіне қонаққа келгенін айтады..Үлкен ағайдың өз балалары жоқ, әйелі жақында қайтыс болғанын көрінеді….Аянышты!..

12 тамыз.

*дело-қылмысты іс

Ағаны ауладан кездестірдім….Жайдары күйде  «қарындасым  амансың ба?-, деп  жылы ұшырай қарсы шықты..Жалғызлікті адамға оңай ма? Дегенмен, біртүрлі қызық кісі…» .

14 тамыз.                          

 «Бүгін тағыда біздің ауладан соны көрдім…Зығыр қаным қайнап әдейі амандаспадым…Не тіміскілеп жүр? Түсінсем бұйырмасын…

18.тамыз.»

    Қыздың жазбадағы әлдекімнен сезігі тегін емес…Кес көлденеңдей берген белгісіз жігіт Қаршығаның ойын сан сақққа жүгіртті. Куәлер шеңберін шолуды көптен ойға алған еді… Алайда  Әнел мен Мира да мардымды ештеңе айтпады. Мүмкін әлдене жасырады…

Бірге кино, би алаңына барғандарын  қайталап,  жарытып ештеңе айтпады…

Арманда кеткен жас қыздың көп баратын басқосу орнынан Қаршығаның көңілін аудара берген «Теремок» кафесі болды…

  Ол сонда келген. Бөгде ешкім көзге шалынбады. Тек сонадайда біреу өмірінің өксікке толы екенін серігіне сыр ғып айтып, сыра жұтып отыр…

 Бір шыныаяқ кофеге тапсырыс беріп қолындағы жалғыз «сүйенері» күнделікке қайта көз жүгірткен…

«Мен Қайсарды күтем…Ол басқа қалада болсада бір оралатынына сенімім мол. Қайсар бар болсаң бір хабар бер!..

30 тамыз».

«Ішімдегі ашуды түгел ақтарам… Н.-ның жынын қаққызып алмасам ба?!….

7  қыркүйек ».

«Ауладан көрген жылы  жүзді ағайды танымай қалдым…Әлденеге алаңдулы ма, біртүрлі суық! Салқын амандасып, қияс өте берді…Не болды екен?…»

10 қыркүйек.

        Қалта телфонынан Асылайдың құрбысына қоңырау шалды… Жан құрбысының өлімі жанын сыздатқан құрбы сыртқа аттап баспай жүрген. Әрнені сылтауратып қашқақтағанмен Қаршыға келмесіне әбдісін қалдырмады. Секемшіл қыз кездесуге қипақтап зорға жетті.

      Әңгімені әріден бастаған Жанна осыған дейін қос құрбының өмірлерінде өзгені құлай сұю, беріле ғашық болу сезімдерін бастан кешпесе де,  ұнату, жақсы көрушілік  болғанын жасырмады…

  • Қайсармен бір сыныпта он жыл оқыдық. Ол Асылайды қорғаштап жүретін…Мүмкін жақсы көрген болар. Асылай оны кеш түсінді…Басқа қалаға жұмысқа кеткен соң қайтып оралмады…Қайсармен аздап араласқан бір танысы болды. Асылайды сырттай  ұнататындай көретіндей көрінетін .Аты есіме түспей тұрғаны…Үнемі сырттай аңдып соңынан қалмайтын.
  • Есімін есіңе түсіріп көрші…Лақап аты дегендей…
  • Иә, ұмытпасам «Басой» дейтін достары….Н….дан басталатын аты…

Оның  бұл қалада тұрақты мекен-жайы болмады деп естігем…Сырттан келген кірме, «қаңғыбас» болды шамасы..Әркімнің үйіне  түнемелеп жүреді деп еститінмін..Кейінгі уақытта хабар-ошар жоқ..

Тағы қандай мінезін байқадың?

  • Мен оны жақсы танымаймын..Бір екі рет көргенім болмаса…
  • Жақсы…Есіңе бірдеңе түссе кез келген уақытта хабарлас мақұл ма?
  • Жарайды аға!

Қаршыға жұмыс бөлмесіне келгенде кезекті селекторлық жиын аяқталып,бастықтың мұны іссапарға сұранған өтінішін қабыл алғанын жеткізді..

–Бос қайтпассың … қаршыға құстай алғыр болар деп үміттенем!-деп күлген бөлім бастығына  аса жақтырмай қараған…

    Іссапар құжаттарын қамдап алған соң Қаршыға қаладан екі жүз шақырым жердегі М.қаласына дәл бүгін аттануды ойға алды.

Басқа қаладан іздегені Асылайды аңдыған жігіттің ізі. Куәлердің жауаптарындағы сәйкестік белгісіз Н- ның тек М. қаласында болуына жол сілтейді…

  Бұл көрші аудан орталығына келген сәттен ат басын бірден ішкі істер бөліміне бұрды.

  М-қаласындағы әріптестері ұрлығы үшін қолға түскен бірнеше адамның дерегін алдына тастаған. Біреуінің бірнеше «ходкасы»* бар, екіншісі рецидив*, үшіншісі белгілі тұрағы жоқ қаңғыбас….Бәрібір сұраққа алу қажет!

    Жеке камераға біртіндеп шақырып әрқайсымен жәйлап «жұмсақ сұқбат» құрып көрген. Өте сақ қулар!..Алдын артын бажайлап сөйлейтін олар «менттерге» нақты жауап бермей үйренген тісқаққандар  екені  байқалады. А-қаласында азаппен өлтірілген жас қыздың өлімін естігенде иықтарын қомпаң еткізгені болмаса аса селт етпеді. «Біздің «братвалар» ондай «ыласқа» жөнсіз бармайды бастық!»-деп ақсия зорлықпен күлгендей болған бірі.

–Жарайды, бүгінше осымен тәмәм…Ертең жалғастырамыз!-деп үнсіз «изолятордан»* шыға берді…

       Қаршығаның қабағынан қар жаудырған жағдайдың бастысы сол –қылмыстық оқиға болған күні нақты куәнің болмауы. «Оқиға шамамен кешкі тоғыз ондар шамасында орын алған. Ел аяғы басылмаған. Көлденең біреудің тым құрыса тосыннан  байқамауы мүмкін емес. Куәлер табылар ма деген үмітпен сол ауданды мың мәрте шарлағанымен еш нәтиже жоқ…» Салы суға кетіп жүруіне себеп сол…

  Түн жарымында телефонына түскен қоңыру еріксіз бойын дір еткізген. Сипалақтап тауып алған телефон экранынан бөтен номер жолақтады.

–Тыңдап тұрмын,кім бұл?..

Ескертпе: ходка*-түрмеге түсу саны.

Рецидив*- кәнігі қылмыскер,бірнеше рет сотталған.

Изолятор*-уақытша қамау орны.

–     Капитан Тұрсынов сіз бе?  Шұғыл  бөлімге келуіңіз керек! Сіздің ісіңіз бойынша күдікті бар!

     Ұйқы құшағынан арыла алмай аз кем отырған ол өзге қалада   жүргені  есіне түсіп, орнынан қалай секіріп тұрғанын өзі де аңғармады.

Бөлімдегі із кесушілер әлдебір жалғызбасты әйел үйінде тұрып жатқан А.қаласынан келген жас жігітті тұтқындаған. «Ол кешкілік скверде отырған әйелге шабуыл жасап, зорлауға әрекеттенген…Кейіннен аумақты тінту барысында қолға түсіріп жауап алғанымызда осыған дейін қыз зорлап өлтіргенін жасырмады…»-деп шикі- шала ақпаратты алдына жайып тастап қарап отыр.

   –Өзін осында жеткізіңдерші!

Сәлден соң мұның алдында бет әлпеті соққыдан домбығып ісіп кеткен жасы жиырмаға толмаған балаң жігіт тұрды. Қолға түсіру кезінде кезекші патруль сақшылары аямай тепкіге алғаны онсызда белгілі еді…

–Кәне, баянда! Қайдан жүрсің? Не бүлдірдің?

–Әнеубір  «кәрі сайқалдың»  қызығын көргім келді. Бар болғаны сол..

–А. қаласындағы  қыз өлімінен хабарың бар шығар?

–Әрине бар. Өзім өлтірдім…Өз қолыммен…Өзімнің сүйгенім болатын …Һммм…

–Түсінбедім…Қалай болғаны?

–Түсінбейтін несі бар?.Ұнаттым…Аңдыдым…Дегенімді істедім…Болды.

–Мында қол қой…Мойындау актісі…

Айтшы  Нұртас  саған осы керек пе еді?..

–«Командир» бәрінен жалықтым!..Маған енді түрме ботқасы тәтті секілді…

–Басқадай тағдыр жолын таңдауға болмады ма?

–Менің тағдырым осы шығар…Асылайға  ғашық болдым…Мендей қаңғыбасты көзге ілмеуі намысыма тиді…

–Сен  сараптау  қортындың дайын болғанша, осынада отырасың!

 Менің түсінігімше, өзіңді  нақақтан  «кісі өлтіргіш «беделді » санағың келеді…Сенің қолыңнан ондай келмейді «Басой»!..Сквердегі жасамыс әйелге жөнсіз тиісуің соны айғақтайды. Екеуің бірге арақ ішіп, көп- көрім ашына болып жүргенсіңдер, рас қой ?!

  –«Басой» дедіңіз бе?..Ат қойғыш екенсіз…

   –Ол  сенің екінші есімің…Естуімше солай..

Басын көтермеген күйі күдікті сәл күмілжіп , қолын бірақ сілтеді…

Тергеуші барлық құрылған жоспар сызбасын қайта қарап отыр. «Нөлден    бастау керек!».

      Басын сығымдай ұстап ұзақ отырды…Куәлердің кемшіндігі тұйыққа тіреп, істі ұйыққа алып барады…Жоқ, бір жолдың болмауы мүмкін емес! Қолындағы жалғыз сенім артқан қыршын қыз күнделігі! Қайта  қайта қарағыштап ежіктеп оқығанымен, ойында тұрақ жоқ…Әртүрлі болжам мен күдікке тірей береді. «Босой» бос сандырақтың құрбаны болды. Еркін өмірде өз орнын таппауы оны қалайда түрмеге түсу ниетін оятқан. Сарап нәтижесінде қыз тәнінен алынған қан мен шәуқат тобы мүлдем оның қанына керағар теріс нәтиже беріп тұр. Қыздың ішкиіміне тамған ұрық тамшысы  марқұммен жақын араласқандардың бірде біріне  тиесілі еместігі  расталды. Кенеттен күнделікте жылтың етіп айтылып қалып отырған  «жақсы ағай» тергеу ші көңіліне күдік бұлтын қоюлата берді…Күнделік:

«Ауладан көрген жылы  жүзді ағайды танымай қалдым…Әлденеге алаңдулы ма, біртүрлі суық! Салқын амандасып, қияс өте берді…Не болды екен?…»

10 қыркүйек.

        «Ағайды» ұзақ   іздеп  Асылай тұрған шағынауданды табанннан тозып шарлағанмен таба алмады…Учаскелік уәкілдің көмегімен ақыры  ол жалдап тұрған пәтерді  тапты. Үй иесі полицияны көргенде аса  жылы қабақ таныта қоймады. Қаршыға танысының жөн-жосығын сұрағанда, олар   оның көрші ауылға аттанғанын жеткізді. Елуді еңсеріп, алпысқа иек артып қалған кексе   ер кісі : « Таныспыз,иә! Уақытша бір бөлмеге тұрғыздық. Жақын аралықтағы құрылыста шамалы істеп жүрді…Ешкімге қақ-соғы жоқ болатын. Бейшара, бақытыссыз бейбақ бір жүрген…Соңғы кездері тұйықталып өз-өзінен ішқұсалыққа салынғандай көрінді…»–деп күрсінді.

     Пәтер иесінен тергеуші «бейшара танысының» бұрын істі болғаны жайлы сұрағанда    анау  иығын қусырғанннан басқа ләм демеді. Қаршыға дереу күдіктінің аты-жөні туралы мәліметті орталық ақпарат базасына салып көрді…

«Байшұбаров Таңжарық…1965 жылы туылған…Отбасылы 2000 жылы ҚР ҚК-нің …бап…тармағы бойынша әйел зорлау ісімен сотты болған…» деген мәліметтер менмұндалап шыға келді! Міне саған керек болса! Қаршыға текке уақыттан ұтылмас үшін облыс пен  аудандарға,көршілес қалаларға оның  мәліметі туралы ақпарттар жөнелтуге бөлімге асықты…

Күдіктінің  барады деген бағыттарын тексерген із кесушілер апта бойы ілкімді еш жақсы хабар жеткізе қоймады. Оны қалайда сау қалпында тірідей  қолға түсіруге бұйрық берілген еді.  Тек қана  сылбыр іс-қимыл уақыттан ұтылуға әкеліп тіреді. Қылмыстық істі ашу жоспарының әрбір «деталын» мұқият електен өткізе отырып, іс-шараны сәтті ұйымдастырғанымен, тергеуші Қаршыға Тұрсыновты  Таңжарық қапыда қалдырды… Ол ауылға кеттті деген жалған ақпарат таратып, А.қаласынан алпыс шақырым жердегі саяжайда жасырынды. Өзінің ізіне «менттер» мықтап түскенін, құрлыстағы «ашықауыз» таныстарынан құлағдар болған соң, ескі иесіз саяжайда бірнеше күн бойтасалап көрді. Барар жер басар тауы қалмағанын сезген соң, ол ұзақ ойланды…

  «Бекерге сол қызға ұрындым…Әттең енді бәрі кеш…Ағалап жүрген сорлының сорына мен жолықтым…» деп майсіңді саусақтарын қажағандай болған…

     Кешкі ымыртта сәкіде отырған сормаңдай қызды алдусыратып, бастан өткен қор тағдырын жіліктеп шағып, өзімен қоса мұң иіріміне арбап тарта берген. Бассыз қылықтан бейхабар бейшара қыз оның соңынан ессіз еріп жүре берген. Қаладан ұзмай-ақ, қалың жыныс пен қамыс арасына сүйрей жөнелген…Айғайлауға шамасын келтірмеген Таңжарық Асылайдың аш алқымына ауыз салған..Естен танған бейшара қыздың кеудесіне қонып алған қара ниетті қара бейне оған  білгенін істеген..Айызы әбден қанып тұрған ол ес-түссіз жатқан бейбақты бұлай қалдырсам құрыдым деген үрей жетегінде, былқ-сұлық  жатқан жас тәннің  кеуде тұсына бірнеше мәрте қайқы жүз бәкісін  бойлатып жіберді…

    Қаршыға енді қала маңын сүзгіден өткізу шарасына барлық жеке құрам жұмылдырып іздеуді үдете түскен.Оның жеке интуициясы қылмыскер алыста емес деген түйсік түйініне табан тіреген болатын…

Келесі күні із кесушілер Байшұбаровты  тапқанын хабарлаған…Шұғыл жеткен хабардың соңы талайғы ұйқысыз түндердің бәрін зая кетіргендей ауыр естілді…Тым кеш. Бұл оқиға орнына жеткенде тек күдіктінің көне иесіз саяжай бөлмесінде салбыраған қалпы  төбеде асылып тұрған денесін көрді…

Оқиға орнында  әктелген ескі  тамға шегемен сызып: «Бәрі кеш…Қыз менің құрбаным… Үкім орындалды…»  деген жазу ғана баттиып тұрды…

Арман ЖУСАНБАЙ

ӘЗ-НАУРЫЗДА ТӨГІЛГЕН НӘРЕСТЕНІҢ БЕЙКҮНӘ ҚАНЫ

«Счастье всего мира не стоит одной слезы на щеке...

Қаралы сырлар

Кешкі сағат сегіздер шамасы. Аспанды көмкерген қалың бұлттанба, жоқ...

ҚОРҚАУЛАР

...Елді қарық қылмай, сананы сансыратқан нарық заманы қысқан сәтте,...

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...