Несие рәсімдеп, тұрғындарға 1 миллион теңгеден астам шығын келтірген жігіт ұсталды

Жетісай АПБ-ға бірнеше жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу онлайн-несие алып, 100 мың теңге шығын келтірген. Ал, екінші арызданушының атынан 70 мың теңге алып, банкке қарыз еткен. Біраз уақыт өткен соң берешектері көбейіп, банктен хабар келгенде, жәбірленушілер тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Жәбірленушілерге келген шығын 1 миллион теңгеден асады.
Арызданушылардың шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Жетісай АПБ полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол бұрын алаяқтықпен сотты болған орта жастағы азамат болып шықты.
Анықталғандай, күдікті азамат таныстарына хабарласып, олардың банктік кәртішке нөмірлері мен төлқұжат көшірмелерін сұраған. «Біреу ақша салатын еді» деген сылтаумен жәбірленушілердің нақты мәліметтерін алған алаяқ, одан ары өз арам ойын жүзеге асырған. Жәбірленушілердің атынан банкке сұраныс жіберіп, мақұлдау алған. Содан шағымданушылардың есепшотына түскен ақшаны өзіне аудартып алады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік карточкаларыңыз бен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар.

       Түркістан облысы  ПД  баспасөз қызметі

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...

Имамдармен кездесу: интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды

"Анти-фрод" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция...