12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада сотталғандар арасында әдеби сазды кеш өтті

26.09.2022 жылы ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде сотталғандар арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды ж8рек» атты әдеби сазды кеш өтті. Мекеменің тәрбие бөлімі мен «Жігер» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға 20 сотталған қатысты.
Сотталған азаматтар арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараны мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Абай Битаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әдеби кеш «Жазылар естеліктер мен туралы», «Поэзия- жүрек тілі», «Аққудың қанатына жазылған сыр», «Құлақтан кіріп бойды алар» бөлімдерінен тұрды. «Жазылар естеліктер мен туралы» бөлімінде ақынның өз өмірі жайлы бейнебаян көрсетілді. «Поэзия- жүрек тілі» бөлімінде ақынның «Фариза», «Шеше сен бақыттысың», «Арыз жазып кетейін», «Поэзия» өлеңдерін жазасын өтеушілер мәнерлеп оқыды. Ақынның сөзіне жазылған «Қайран жеңгем», «Сенің көзің» әндерін жанды дауыста нақышына келтіре орындады.
Әдеби сазды кешке қатысқан сотталғандар әсерлі де тартымды өткен поэзия кешінен рухани азық алды. Белсене қатысқан жазасын өтеушілерді «Жігер» мүгедектер қоғамдық бірлестігі дипломмен марапаттап, естелік сыйлық тарту етті.
«Қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін білмейтін қазақ жоқ шығар. Ақынның өлеңін бала күнімнен оқимын, бірнеше өлеңін жатқа да білемін. Ақын өлеңдерін оқығанда жай оқымай, ол өлеңнің түпкі мағынасын түсініп, сезініп, жүрекпен оқу керек. Бүгінгі кеште ақынның «Өмір жайлы» өлеңін оқыдым. Керемет әсер алдым.Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді сотталған азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...