12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбе облысында пробация есебіндегі сотталғандар спорттық ойындар спартакиадасынан жүлделі орындар алды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған жастар аудан жастарымен бірге аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен VII Халық ойындары спартакиадасына қатысты.

Қалалық және ауылдық округтерден 15 команда қатысқан спартакиадаға қатысушы командалар спорттың 8 түрінен, яғни қазақша күрес, футбол, волейбол, үстел теннисі, қол күрес, гір тасын көтеру, шахмат, тоғызқұмалақ секілді спорттық ойындар мен ұлттық ойындармен бақ сынасты.

Спартакиада нәтижесімен, Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған Д., қол күрестен 100 кг салмақ дәрежесінде II орынды жеңіп алса, III орынға гір көтеруден 95 кг салмақ дәрежесінде А., есімді есепте тұрған азамат ие болды.

«Есепте тұрған сотталғандарды аудандық спорттық іс- шараларға қатыстырудағы мақсатымыз – олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, салауатты өмір салтын ұстануға жұмсай отырып, қоғамнан оқшауламай қоғамға бейімдеу болып табылады»,- дейді Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Гүлсезім Ешмагамбетова.

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №11...

ҚАЖ қызметкерлері желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Тәуелсіздік күні қарсаңында...

Адам құқықтарының халықаралық күні

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде «Адам құқықтарының халықаралық күніне»...

День прав человека

В учреждении ДУИС по области Абай среди осужденных провели...