12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«№48 мекеме» РММ-де өндірілетін дайын өнімнің көрмесі

Мемлекеттің негізгі міндеті-бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбекті ынталандыратын, көп салалы, лайықты сыйақыны қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар өндірістің әртүрлі салаларында сотталғандардың кәсіби дағдыларын игеруге және дамытуға ықпал ету.

Бүгінгі таңда сотталғандар үшін жеткілікті жұмыс орындары бар заманауи және тиімді өндірісті алудың жалғыз нақты мүмкіндігі – шағын және орта бизнеспен ынтымақтастықта болу.

2022 жылдың 27 қыркүйегінде мекеме аумағында өз өндірісін орналастырған шағын және орта бизнес субъектілерімен бірге Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында сотталғандармен жасалған дайын өнімдер мен бұйымдардың көрмесі өтті. Көрмеде ағаштан, былғарыдан жасалған бұйымдар, тұрмыстық заттар, атқа мінуге арналған атрибуттар мен құрт ұсынылды. Іс-шараның мақсаты қала мен облыс кәсіпкерлерін шақырту, сондай-ақ сотталғандарды еңбекке тарту арқылы өздерінің өндірістік қызметін ашуға және кеңейтуге ниет білдірген шағын және орта бизнес өкілдерімен бірлескен жұмысты жандандыру болып табылады.

Жаңа учаскелердің ашылуы сотталғандарды түзеу мекемелерінде жұмыспен қамту проблемасын төмендетуге мүмкіндік береді, ал сотталғандарға мемлекет пен жәбірленушілер алдындағы талап-арыз қарызын өтеуге, өз туыстары мен жақындарына ақша аударуға мүмкіндік береді. Барлық сотталғандардың жұмысқа деген қызығушылығы бар, себебі еңбек өтілі болған кезде шартты түрде мерзімінен бұрын шығу ықтималдығы жоғары. Еңбек процесінде адам бас бостандығынан айыру орындарында деген ойдан кетіп, өзін толыққанды адам ретінде сезінеді, мақсаттар қояды және теріс эмоциялардан алшақтайды, бұл ресоцализация процесіне оң әсер етеді.

«48 мекеме»РММ
жалпы сұрақтар және
сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру
бойынша бастықтың орынбасарының
әділет майоры
Е.С.Тілеуке

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...