12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

 «Сот жүйесі тиімді болса, қоғамда заң үстемдігі  берік орнығады» (Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев)
 
ХХІ ғасырдың сот жүйесін 10-15 жыл бұрынғы сот жүйесімен салыстыруға мүлдем келмейді. Себебі қазіргі таңда судья болсын, кеңсе қызметкерлері болсын қызметтері жаңа электронды форматқа көшіп, көптеген жақсы өзгерістерге жетті. Бұл дегеніміз сот жұмыстарының жеңілденгендігін аңғаруға болады. Мәселен, бұрын сот қызметінде жай хат мемлекеттік органға немесе мекен-жай бойынша жолдау үшін түрлі әдістерден өтіп, хат тасушы арқылы жолданатын. Ал қазір ол аңыз көрінеді. Себебі барлық құжаттарды жөнелту («Сот процесі қатысушыларын электронды түрде хабарландыру жүйесі», «SMS-хабарлама» сервисі)  электрондық форматтарына көшірілді.

2021 жылдың 12 ақпанында Мемлекет басшысы сот жүйесін жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізген болатын. Кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде сот жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалар аталған салаға жаңадан білікті мамандарды жұмылдыруға, әділ сот төрелігін орнықтыруға тиіс екенін атап өтті. Мұндай шаралар, ең алдымен, қоғамның соттарға деген сенімін нығайту үшін жасалып отыр. Сонымен қатар соттар мен сот рәсімдері қазіргі заман талабына сай болуға және азаматтарымыздың, бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғауға тиіс. Қазақстан Республикасының сот жүйесінде жаңа ІТ технологиялар енгізу арқылы қоғамның соттарға деген сенімін нығайтып, соттардың қызметін қазіргі заман талабына сай болуға және сот жүйесін жаңғыртуды жалғастыра беретінін, сотқа қатысушы тараптар ІТ технологиялардың артықшылығын сезіну қажет екенін,  ықтимал нәтижесі туралы білу маңыздылығын және ол үшін барлық мүдделі тараптарға сот жүйесінің ІТ қызметтері қолжетімді болу қажет екенін атап көрсеткен болатын. Солардың бірі «Сот кабинет» сервисі.

Бұл сервис сот ісін жүргізу процесін біршама дәрежеде жеделдетуге мүмкіндік береді. Мәселен, сот отырысына тараптар мекен-жайына қарамастан санаулы минуттарда осы сервис арқылы сотқа арыз бере алады. Ол үшін арыз берушінің интернетке қолжетімділігі және электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы тиіс.

 «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервистік қызметі – сот органдарындағы жүйелі ақпарат берудің кеңейтілген тәсілі да болып табылады.

Сот жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізудің арқасында соттардың жұмысы жеңілденгенін айтуға болады.

 
Ақтөбе облысының
мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының бас маман –
сот отырысының хатшысы: Б.М.Толыбаева

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...