Ер адам тыйым салынған заттарды колонияға кіргізбек болды

Ер адам Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізуге тырысты.

Көлік жүргізушісі әйелдер мекемесіне тыйым салынған заттарды көлікпен кіргізбек болған.

Автокөлікті тексеру кезінде мекеме қызметкерлері жүксалғыштан 0.5 л. «Absolut Vodka» спирттік ішімдігін, 2 бірлік ұялы телефондарын, 12 бірлік usb сымдарын, құлаққап, смарт-сағат, зарядтау құрылғысы, usb тасымалдағыш, 140 гр «Джин» шекілдеуігі, әйелдер парфюмі, «Lenovo» маркалы ноутбук, 1040 теңге мөлшеріндегі ақша қаражаты, сондай-ақ қара түсті әмиян тауып, тәркіледі.

«Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК — нің 481-бабына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бастапқы материалдар жиналды және одан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады», — деп атап өтті мекеме бастығы Вилорий Ким.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...