Сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тарту

Жетісу ауданы прокуратурасының бастамасымен, аудан әкімдігі және пробация бөлімімен бірлесіп, 24 қыркүйекте Айнабұлақ-4 ықшам ауданында, 183 — 185 үйлердің бойындағы жыра сайда сенбілік ұйымдастырылды.

Бұл шараға қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталған, сондай-ақ мәжбүрлі еңбекке тарту бас бостандығын шектеуге сотталған тұлғалар қатысты.
Мұндай шараның басты мақсаты – сотталғандарды қоғамға бейімдеу және түзелу жолына қалыптастыру.

Шара барысында жергілікті тұрғындар өз ризашылықтарын білдірді.

Алматы қаласы Жетісу аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны А.А.Жанаманова

«Үміт – 2026»: шығармашылық арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...