12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СҚО бойынша ҚАЖД командасы самбо күресінен жүлделі орынға ие болды

21-22 қыркүйек аралығында Петропавл қаласында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының күш құрылымдары арасында самбодан жарыс өтті.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті қызметкерлерінің командасы ІІІ орынды иеленді. 79 кг салмақ дәрежесінде ІІ орында «№50 мекеме» БҚБ қадағалау бойынша бақылаушысы әділет аға сержанты Қайырбек Өмірзақ жайғасты. 64 келі салмақ дәрежесінде «№48 мекеме» режимдік бөлімінің жедел уәкілі, әділет лейтенанты Серали Нұрболат ІІІ орынға ие болды.
14-16 қыркүйек аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен самбо күресінен ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті қызметкерлері арасындағы X чемпионатта Серали Нұрболат 93 қатысушы арасында жоғарыда аталған салмақ дәрежесінде ІІ орынды иеленді.
«Мен бала кезімнен әртүрлі спорт түрлерімен айналысамын, бірақ негізінен жекпе-жекке баса назар аударамын. Мектепте және академияда оқып жүргенде барлық жарыстарға қатысуға тырыстым. Спорт менің өмірімнің ажырамас бөлігі деп сенімді түрде айта аламын. Мен үшін үлгі болып менің ағаларым болып табылады»,- дейді спортшы.

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...