Орыс Православие шіркеуінің дін қызметкері Елордалық тергеу изоляторына барды

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Орыс Православие шіркеуінің дін қызметкері шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандарына 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі туралы дәріс өткізді.

Іс-шара барысында сотталғандарға жалпы адамзаттық құндылықтарды нығайту, қарулы қақтығыстардың және діни, ұлттық немесе басқа да негіздегі алауыздықтың болмауы сияқты өткізілген форумның негізгі мазмұны туралы қысқаша түсіндірілді.

Дәріс соңында  Иоасаф дін қызметкерімен православиялық дін ұстанушыларға діни рәсім жүргізуге мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, теологиялық оңалту тобы инспекторларының бастамасы мен шіркеуден 20-ға жуық діни әдебиеттер сыйға тартылды, олардың қатарына дұға кітаптары, акафтистер, шіркеу күнтізбелері  мен Інжіл берілді.

Мекеме басшылығы мен шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары  Иоасаф дін қызметкеріне уақыт бөлгені үшін шын жүректен алғыс білдірді және мұндай кездесулер  адам өмірдегі қиындықтарды еңсере отырып, дінге және өзін дұрыс жолға түсуге көмектеседі.

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...